Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕР ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
21
декабрь
2022

БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕР ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

    Жыл аяқталып, атқарылған шаруаларды сараптап, қорытынды шығару, қаншалықты маңызды дүниелер болса, еңбегімен еленген мұғалімдер мен кіші қызметкерлерді марапаттап, құрмет көрсету- бұл да бір игі шаруалардың бірі. Еңбекті ескеру, қызметкерлердің жұмысын бағалап, көңілін көтеру, кішігірім жетістігін көрсе, көтермелеп, қолпаштау бұл әрине, ізгі дәстүр, жақсылықтың нышаны.  Биыл да осы дәстүрлер жалғасын тауып, Білім басқармасы, «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы, аудандық білім бөлімі тараптарынан Алғыс хат, Құрмет грамоталармен біраз мұғалімдер марапатталып, қуанышқа бөленіп жатты. Атап айтар болсақ, мектебіміздің мұғалімдері: Кыпшакова Дариха, Нұрғасқаева Жанат, Енсебаева Ләйла, Әлімжан Дархан, Оспанова Гүлжан, Ахметова Хабира, Заманбекова Гүлбану, Егеубаева Камшат, Арзикулова Гүлмира, Оспанова Гүлжан, Бижан Сәуле, Мажитова Гүлжан, Жылкыбаева Ләззат, Уканова Көркем және кіші қызметкер Алмаханбетова Гүлнәр. Әріптестерімізге құтты болсын дейміз. Еңбектеріңіз жанып, бұдан да биік марапаттарға ие бола беріңіздер деп тілектестік білдіреміз.