БҮГІН БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСТАРЫ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БҮГІН БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСТАРЫ ӨТТІ.
04
январь
2023

БҮГІН БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСТАРЫ ӨТТІ.

      Бүгін мектебімізде әдістемелік бірлестік отырыстары өтті. Әр бірлестік білім беру үдерісіндегі маңызды мәселелер бойынша тақырыптық баяндамалар жасап, ортаға салды. Сонымен бірге «Мектептегі буллинг. Баланың қысым көргенін қалай байқауға болады?» деген тақырыпта әңгімелер айтылып, презентациялар көрсетілді. Кибербуллингтің түрлері, сипаттамасы, белгілері, кибербуллингке ұшыраса не істеу керек, алдын-алу кеңестері секілді мұғалімдер үшін өте қажетті дүниелер қозғалды. Оған қоса өткен тоқсан бойынша бірлестік жұмыстарына талдаулар жасалып, алдағы уақытқа жоспарлар бекітілді. 3-ші тоқсанда атқарылатын жұмыстар пысықталды.