Іс-шаралар » Страница 85 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
волейбол ойыны
07
апрель
2017
волейбол ойыны
Алматы қаласы Білім басқармасы «ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ОҚУ-ТӘРБИЕЛІК» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен өткен ХХ қалалық оқушылар Спартакиадасында Волейболдан Түрксіб ауданы құрама командасы ІІ,ІІІ орынға ие болды. №59 мектеп-гимназия оқушылары Шарапатов Рахымжан, Нурталлин Нұртаза, Қалдыбаева Аружан дипломдармен, медальдармен марапатталды.
волейбол ойыны
07
апрель
2017
волейбол ойыны
Алматы қаласы Білім басқармасы «ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ОҚУ-ТӘРБИЕЛІК» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен өткен ХХ қалалық оқушылар Спартакиадасында Волейболдан Түрксіб ауданы құрама командасы ІІ,ІІІ орынға ие болды. №59 мектеп-гимназия оқушылары Шарапатов Рахымжан, Нурталлин Нұртаза, Қалдыбаева Аружан дипломдармен, медальдармен марапатталды.
сейсма жаттығу
06
апрель
2017
сейсма жаттығу
Ақпараттық хабарлама 2017 жылдың 6 сәуірінде «Дүлей зілзалалардың алдын алу» тақырыбында қалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді. «Барлықтарыңыздың назарларыңызға» дабылы сағат 12. 55 те басталады. Аталған шараға Алматы қаласы Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназия мұғалімдері мен оқушылары толықтай қатысып, төтенше жағдайлардың алдын алу ережелерімен қосымша таныстырылды.
Н.Тілендиев атындағы музейге саяхат
06
апрель
2017
Н.Тілендиев атындағы музейге саяхат
Н.Тілендиев атындағы мемориалды мұражай 2014 жылдың 16 мамырынан бастап жұмыс істейді.  Бүгінгі таңда бұл тарихи тұлғаның шығармашылығымен, өмірімен танысатын орын. Мұражайдың басты мақсаты мен міндеті – өткеннен сыр шерте отырып, келушілер мен осы үй тұрғындары арасында байланыс орнату. Аталған мұражайдың басты құндылығы – бір кездері осы үйде тұрған ерекше дарын иесінің рухани өмірінен естелік болып қалған заттар. Атақты дарын иесінің шығармашылығы мен өмірі жайлы №59
Кәсіби бағдар
06
апрель
2017
Кәсіби бағдар
ҚР ІІМ Алматы Академиясы №59 мектеп-гимназияда 06.04.2017ж. оқушыларды жоғары адамгершіліктегі тұлғалық және кәсіби маманданған азамат ретінде қалыптасуға үндестірілуі мақсатында кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар өткізді. Бұл олардың өз Отаны Қазақстанға деген патриоттық сезімдерін, халқына және мемлекетіне шын берілгендігін және сүйіспеншілігін білдіреді. Тәрбиелік қызметтің барлық жүйесі күндізгі оқу факультетімен, кафедралармен, курстық буынмен, сондай-ақ қоғамдық құрылымдармен тығыз
Ашық сабақ
06
апрель
2017
Ашық сабақ
06.04.2017ж. Алматы қаласы Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясы технология пәні мұғалімі Агибаева Маржан Құсайынқызы «Мақсат қоя білу – сәтті сабақтың кепілі»  атты әдістемелік иделялар фестивалі аясында 8 «в» сыныбымен «Батик дайындау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабаққа мектеп-гимназия директоры А.Т.Касымова, мектеп-гимназия әдіскері Б.С.Абишева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Г.А.Даулетбаева және жас мамандар қатысты.
Жас ғалымдар
05
апрель
2017
Жас ғалымдар
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысының аудандық кезеңінде І-орын алғаны үшін №59 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары Мукангалиев Темирлан және Асқар Сұңғат марапатталды. Жетекшісі: Қажитаева Миргуль Жумабаевна
Жас спорт шебері
05
апрель
2017
Жас спорт шебері
Қарағанды қаласында өткен панкратоин традишн бойынша балалар, жасөспірімдер, кадеттер, қыздар мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 76 кг салмақ дәрежесінде І орынды жеңіп алғаны үшін №59 мектеп-гимназияның 10 «А» сынып оқушысы Құдайберген Арман марапатталды. Сонымен Қазақстандағы ең жас шебер атағын жеңіп алды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу
05
апрель
2017
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу
Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты №59 мектеп-гимназиясында 5.04.2017ж. сағат 12:00 де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының заңгері С.Дәулетияр, орталық мешіт ұстазы Е.Есім, жастар бөлімінің өкілі Р.Қайыргелді мырзалармен «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушылармен сұхбат өткізілді
Ұлттық ойындар
18
март
2017
Ұлттық ойындар
 Ағымдағы жылдың наурыз айының 1 4-16 жұлдызы аралығында «Қазақстан Республиканың Рәміздеріне 25 жыл » толуына орай , №59 мектеп-гимназия оқушылары арасында  ұлттық ойындар бойынша жарыс өткізілді. Жарыс ұлттық ойындардың түрлері бойынша өткізілді: тоғыз-құмалақ, арқан тарту және т.б. Жарыс жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды.