Іс-шаралар » Страница 81 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәуелсіздік мерекесі
14
декабрь
2017
Тәуелсіздік мерекесі
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында ұйымдастырылған фестивальге №59 мектеп-гимназиясының оқушылары өнер жұлдыздарымен бірге өнер көрсетіп зор қошеметке ие болды.                     
Қалалық семинар
14
декабрь
2017
Қалалық семинар
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №59 мектеп-гимназиясында 14 желтоқсан күні «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ: ОҚЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР ЖӘНЕ БАҒАЛАУ» тақырыбында жаңартылған білім мазмұны бойынша жас мамандарға арналған қалалық семинар-практикум болып өтті. Семинар-практикум барысында жас мамандарға жаңартылған білім бағдарламасының мазмұны мен әдіс-тәсілдері таныстырылып, коучингтер мен 2,5,7- сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша ашық сабақтар өткізілді. Семинар-практикумның өткізілуі
Қалалық мұғалімдер олимпиадасы
13
декабрь
2017
Қалалық мұғалімдер олимпиадасы
Қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Рухани жаңғырудың тірегі - тіл» тақырыбында өткен олимпиадаға қатысқан №59 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Г.К.Заманбекова Алматы қаласы әкімінің мадақтамасымен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!                   
Спорттық жарыс
12
декабрь
2017
Спорттық жарыс
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №59 мектеп-гимназиясында 11-14 желтоқсан күндері аралығында  Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында 6-сыныптар аралығында «Азат елдің аспаны ашық»атты спорт жарысы ұйымдастырылды. Спорт жарысы жоғарғы деңгейде өткізіліп, оқушылар спортқа деген қызығушылықтарын танытты. Нәтижесінде 6 «Б» сынып оқушылар командалық есепте І орын, 6 «А» оқушылары ІІ орынға ие болды. 6 «Ә» сынып оқушылары ІІІ орынды қанағат тұтты. 
Мұз айдыны
07
декабрь
2017
Мұз айдыны
Тұңғыш Президент күніне орай Алматы қаласы Түрксіб ауданы "Март" сауда орталығының жанында (жалпы ауданы 722 шаршы метр) жаппай сырғанауға арналған тегін мұз айдынының салтанатты ашылуы өтті, олар алматылықтар мен қала қонақтары үшін тәулік бойы тегін жұмыс істейді . Мұз айдынына Түрксіб ауданы мектеп оқушылары барып сырғанақ теуіп, алдағы уақытта бос уақыттарын осы мұз айдындарында өткізетіні сөзсіз екені көрінді.         
Мұз айдыны "Медеу"
06
декабрь
2017
Мұз айдыны "Медеу"
№59 мектеп-гимназиясының 5«А» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі: Максимова Ф.Т. демалыс күні  «Медеу» мұз айдынына барып, демалыстарын өте қызықты өткізіп қайтты.                 
флешмоб "Біз СПИД-ке қарсымыз"
30
ноябрь
2017
флешмоб "Біз СПИД-ке қарсымыз"
№59 мектеп-гимназиясында 30.11.2017ж. «Біз СПИД-ке қарсымыз»акциясы аясында флешмоб ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар саны – 38. Жауапты – Жексенбі Р.        
Жыр мүшәйрасы
30
ноябрь
2017
Жыр мүшәйрасы
1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай №59 мектеп-гимназияда «Менің Елбасым» тақырыбында мектепішілік жыр мүшәйрасы өткізілді. Озық шыққан оқушылар дипломмен марапатталды.                   
Нұрлы жастар-Болашаққа жол бастар!!!
30
ноябрь
2017
Нұрлы жастар-Болашаққа жол бастар!!!
№59 мектеп-гимназия оқушылары «Нұрлы жастар – Болашаққа жол бастар» Республикалық ән-би байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!