«ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.
03
май
2023

«ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

     Бүгін мектебімізде тарих пәні бірлестігінің ұйытқы болуымен «Ерлік – елге мұра» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 9 «Б» сыныбының оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелді пән мұғалімі Рақымбекова Нұршат Қаһарманқызы жүргізіп, аталмыш іс-шара алдағы келе жатқан Ұлы Жеңіс күніне орайластырып өтіп жатқандығын айтып кетті. Оқушыларға алдымен бейнефильм мен слайд көрсетіліп, сұрапыл соғысқа қатысты мәліметтерді және Қазақстанның ұлы жеңісті жақындатудағы ролі мен қаһарман жауынгерлер туралы ақпараттар берілді. Дөңгелек үстел барысында тақырыпқа байланысты оқушылар ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Берілген сұрақтарға жауап беріп жатты. Іс-шара қорытындысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Кыпшакова Дариға апай мен Әлімжан Дархан Мұхитұлы аталмыш іс-шараның мән-маңызын айтып, ата-бабаларымыздың ұлы ерліктерін бүгінгі ұрпақ мәңгі жадында сақтап қалуы керек деген тұжырымға келді.