"МӘНЕРЛЕП ОҚУ" ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "МӘНЕРЛЕП ОҚУ" ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ.
03
февраль
2023

"МӘНЕРЛЕП ОҚУ" ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ.

      Бүгін 2-сынып оқушыларымен бірігіп "Мәнерлеп оқу" жоспары бойынша "Бауырсақ" атты орыс халық ертегісін мәнерлеп оқып, мультфильм көрсетіліп, театрлық көрініс қойылды. Балалар ертедегі кейіпкерлер секілді киімдерін киіп, образға кіріп, тамаша көрініс көрсетті. Өздерінің жастарының кішілігіне қарамастан апайларының айтқан барлық нұсқаулықтары мен тапсырмаларын бүге-шегесіне дейін түсініп алып, әрқайсысы өзіне тапсырылған міндеттерін орындап шықты. Жалпы балаларды ертегілер арқылы тәрбиелеу, шығармаларда айтылатын жақсылық пен жамандықтың, әділеттілік пен зұлымдықтың ара-жігін ажыратып, игі қасиеттерін ашуда бұндай іс-шаралардың пайдасы үлкен болып жатады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларын қазақ және әлем халықтарының ертегілері арқылы ізгілікке тәрбиелеуде біздің мұғалімдер көп еңбек етіп жатады. Бұл кезектегі іс-шара өте жақсы ұйымдастырылып, балаларға жақсы жағынан әсер ететіндей болды. 

Аталмыш іс-шараға жауапты болған – мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна.