Мерейлі жасқа келгендерді құттықтады. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мерейлі жасқа келгендерді құттықтады.
18
май
2022

Мерейлі жасқа келгендерді құттықтады.

Мерейлі жасқа келіп, ардақты ұстаз, ел ағасы атанып жатқан әріптестерді құттықтау, құрмет көрсету мектебімізде жыл сайынғы ұйымдастырылып тұратын ізгі шаралардың бірі. Бүгін осы дәстүр жалғасын тауып, мектебіміздің мәжіліс залында мерейтой иелерін құттықтау салтанаты өтті. Бар саналы ғұмырын ұстаздық кәсіпке арнап, өзінің қазақ әйелі, асыл жар, ардақты ана  екенін бір сәтке де ұмытпай, кез келген жаста, кез келген рөлде тәрбиелі, кішіпейіл әрі мейірбан бола білген мектебіміздің математика пәні мұғалімі Қуанышева Гүлжан Мәжитқызы биыл 60 жасқа, сабырлы, салмақты, ақыл-ойдың гимнастикасы шахматтың қыр-сырын үйретіп, балалардың интеллектуалдық қабілетін ұштап жүрген үйірме жетекшісі Сартаев Мұратбек Заурбекұлы 60 жасқа және жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануды үйретіп жүрген әріптесіміз, иманды, ақжарқын, денешынықтыру пәні мұғалімі Иембергенов Жанабай Кенжебайұлы 50 жасқа толып, үлкен абырой-беделге ие болып жатыр. Осынау мерейтой иелеріне бүгін айырықша құрмет көрсетіліп,  мектеп әкімшілігі және бірлестік жетекшілері, сондай-ақ кәсіподақ ұйымы өкілі тарапынан құттықтау сөздер айтылып, сый-сыяпаттар табыс етілді. Бар ғұмырын ізгі арманға арнап, халыққа риясыз адал қызмет етіп жүрген, қазақтың даласындай пейілі кең,  жаны жомарт, жүрегі жылы жандарға амандық, денсаулық, отбасыларына береке-бірлік, ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектері жемісті бола берсін деп тілектестік білдіреміз.