Депутаттармен кездесу өтті. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Депутаттармен кездесу өтті.
17
май
2022

Депутаттармен кездесу өтті.

           Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсембаев, Мәди Ахметов, Түрксіб ауданы мәслихатының депутаты Бадаева Роза Кенесханқызы және «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Серікболсын Сарыбаев №59 мектеп-гимназиясына келіп, мұғалімдермен кездесу өткізді. Негізгі тақырып алдағы 5 маусымда өткелі жатқан Бүкілхалықтық Референдум туралы болғандықтан, әңгіме осы мәселенің төңірегінде өрбіді. Ата заңға 30-дан астам бапқа өзгеріс енгізгелі жатқандықтан бұның Тәуелсіз еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді. Әсіресе жер мәселесі, президенттік билік, өлім жазасына тыйым салу туралы нормаларды енгізу туралы депутат Елнұр Сабыржанұлы кеңірек баяндады. Конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырып, келешекте әділетті қоғам құруға септігі тиеді деді. Депутат Мади Абылайұлы өз кезегінде халықтың сайлауға белсене қатысып, талап-тілектерін қоюы, қоғамдық маңызы бар істерге араласуы Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды қадамдардың бірі деп есептеді. Кездесу тек Референдум төңірегінде ғана емес, мұғалімдерді мазалап жүрген тест мәселесі төңірегінде де өрбіп, Мәслихат депутаты Роза Кенесханқызы келген қонақтарға мұғалімдердің осы өтініштерін парламент отырыстарында көтерсе екен деген ұсынысын білдірді. Мұғалімдер тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға депутат мырзалар сабырлы түрде жауап беріп, ел игілігі үшін бірлесе жұмыс істеудің баршамыздың ортақ парызымыз екендігін айтты. Кездесу соңында біз де өз тарапымыздан алғысымызды айтып, істеріне сәттілік тіледік. Естелік ретінде суреттерге түстік.