"Менің таңдауым..." атты көрме ұйымдастырылды. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Менің таңдауым..." атты көрме ұйымдастырылды.
23
апрель
2022

"Менің таңдауым..." атты көрме ұйымдастырылды.

     2022 жылдың 23 сәуірінде “Менің таңдауым…” орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (колледж) көрмесін өткізді.
Мақсаты: мектеп бітіруші түлектердің қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескере отырып, кәсіптік білім беруге қабілеттерін анықтау, кәсіптік бағдар беруде қолғабыс ету.
Көрмеге Алматы қаласында орналасқан жалпы саны - 11 техникалық және кәсіптік білім беретін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қатысты. 
Көрмеге 2021-2022 оқу жылының 9-сынып мектеп бітіруші түлектері мен ата-аналары (заңды өкілдері) шақырылып, ақпараттар алды. 
Көрмені мектеп басшысы А.Т.Касымова ашып беріп, көрмеге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кәсіптік бағдар беруге жауапты ДБЖҒІЖО А.Е.Торғанбеков пен педагог-психолог Г.Е.Тұрсынбай келушілерді тіркеп, көрменің жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысты.