Спорттық Алматы - 2017 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Спорттық Алматы - 2017
16
сентябрь
2017

Спорттық Алматы - 2017

Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы, Білім басқармасы, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірігіп бекітілген қала халқын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға бағытталған жоспар шеңберінде «АЛМАТЫ» қала күніне арналған «Спорттық Алматы - 2017» жарысы «№59 мектеп-гимназия» КММ-де өтті.

Аталған Спорттық жарысты ұйымдастырудың мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу.
Жарысқа 5-8 сынып оқушылары белсенді қатысып, үлкен жауапкершілік пен қызығушылық танытты. Жарыс түрлері: асық ату, шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі. Жарыстың ашылу салтанатына мектеп ұстаздары, ата-аналар, оқушылар қатысып, осындай игі іс-шараның оқушы өміріне пайдалы екенін айтты. Мектебіміздің әрбір оқушысы спортқа деген қызығушылықтарының жоғары деңгейде екенін байқатты. Жарыс қорытындысы ұйымдастыру комитетінің «Спорттық Алматы - 2017» төс белгісімен, арнайы дипломдармен марапаттаумен аяқталды. «№59 мектеп-гимназия» КММ-нің ұжымы 16.09.17ж өткен «Спорттық Алматы - 2017» жарысын ұйымдастырушыларға, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысын білдіреді.

 

Спорттық Алматы - 2017
Спорттық Алматы - 2017
Спорттық Алматы - 2017
Спорттық Алматы - 2017
Спорттық Алматы - 2017
Спорттық Алматы - 2017

 

 

 


Похожие публикации:

07 апрель 2017 волейбол ойыны
07 апрель 2017 волейбол ойыны
17 октябрь 2015 Мектеп тарихы