27
февраль
2026
6 «В» сынып оқушыларының қатысуымен «Алғыс айту – парызым!» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай №59 мектеп-гимназиясында 6 «В» сынып оқушыларының қатысуымен «Алғыс айту – парызым!» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда бірлік пен ынтымақты нығайту, бір-біріне көрсетілген алғыстың маңыздылығын насихаттау, адамдар арасындағы ризашылық пен құрмет сезімдерін арттыру, ұлттық рухты көтеру және жастар мен ересектер арасында ізгілік пен татулықты дамыту.
Мерекелік кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, өлең оқып, көріністер қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл шара өнер мен мәдениеттің шынайы көрінісіне айналып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Іс-шараны ұйымдастырған: 6 «В» сынып жетекшісі — Мекзам Ә.Қ.
Жауапты: ДТІЖО: Кыпшакова Д., Устенов С.Ж.



