Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Физика және музыка» атты физикалық кеш өтті.
17
апрель
2025

«Физика және музыка» атты физикалық кеш өтті.

Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің айлығы аясында 2025 жылдың 17 сәуірінде 7 сыныптар арасында «Физика және музыка» атты физикалық кеш өтті.
Физика мен музыканың байланысы туралы көптеген мәліметтерді Әл – Фарабидің еңбектерінен табуға болады. Ал Платон, Аристотель, Птолемей сияқты ғұламалар музыканы жөнді меңгере алмағандарын өздері жазып кеткен. Әл – Фарабидің физика мен музыканың байланысын көрсететін еңбектерінің бірі «Музыканың ұлы кітабы». Әл – Фараби қағидасы бойынша, көзге көрікті зат құлаққа да жағымды дыбыс береді. Табиғат дүниесіндегі көріктің ғажабы аспан шырақтарында, жердегі заттың дыбыс көркі музыкада.
Әл-Фараби адамның өңешін, жұтқыншағын, мұрнын, аузын табиғи дыбысқа жатқызған, ал музыкалық аспаптардың дыбыстарын жасанды дыбыс деп атаған.
Әл-Фараби жасап кеткен дыбысаралық санатын (интервал) күні бүгінге дейін халықаралық музыка мамандары қолданып келе жатқанын айтуға болады.

Жетекшісі: физика пәні мұғалімі Сексенова Р.Е.