«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды
08
апрель
2024

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды

8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді. Қаланың барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады. Біздің мектеп-гимназия ұжымы да, оқушылар мен ата-аналар да науқанды қолдап, челленджі жалғастырады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.

Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген:

  1. «Біздің қала – біздің көшелер» (8-14 сәуір) - қалалық инфрақұрылымды: жолды, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін, аялдама кешендерін, бағдаршамдарды, жарық беру құралдарын, белгілерді, туристік тотемдерді, қоғамдық дәретханаларды тазалау және ретке келтіру апталығы. Дезинфекция және дезинсекция жүргізе отырып, люктер ауыстырылады, қоқыс жәшіктері жөнделеді.
  2. «Біздің қала – біздің аула, біздің үй» (15-21 сәуір): көшет отырғызу апталығы. Аулалар мен ойын алаңдары жөнделіп, ретке келтіріледі. Аулалар мен есік алдындағы шағын бақты көгалдандырғысы келетіндерге көшет, жеке үйлердің қоршауын сырлағысы келетіндерге бояу беріледі. Осы кезеңде түрлі шығармашылық әрі экологиялық іс-шаралар басталады – «Жас жұбайлар» креативті эко-хабы мен аллея ашу, «Эко-марафон» плоггингі, дәмханалар мен мейрамханаларда тамақ қалдықтарын жинау жобасы; «Таза ойындар» акциясы, «Мерзімі өткен дәрі-дәрмекті өткізіңіз – табиғатты сақтаңыз»; «Үздік аула», "Үздік шағын бақ», «Коммуналдық қызметтің үздік қызметкері» байқаулары, «Жасыл планета – біздің ортақ үйіміз» мектеп суреттері байқауы және т.б. 20 сәуір күні жалпықалалық сенбілік жоспарланған.
  3. «Біздің қала - біздің тау, өзен мен көлдер» (22-28 сәуір): жағалаулар мен су айдындарын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазалау апталығы.
  4. «Біздің қала – біздің мақтаныш» (29 сәуір – 8 мамыр): ескерткіштер мен мәдениет нысандарды тазалау апталығы. Соңғы аптада қаладағы субұрқақтар іске қосылып, науқанға белсенді түрде қатысқан тұрғындар сыйлықтармен марапатталады.
  5. Науқанның ашылуы 59 мектеп-гимназиясында да өткізіліп, айлық жоспар таныстырылды.