«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – ИГІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІЗГІ ШАРА » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – ИГІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІЗГІ ШАРА
01
август
2023

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – ИГІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІЗГІ ШАРА

Бүгіннен бастап жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» іс-шарасының кезекті акциясы басталды. Аталмыш іс-шара аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуды мақсат етеді. Ендеше, 

Амалдар ниетке байланысты...

📎Оқуды асыға күтіп отырған бүлдіршіндерге қуаныш сыйлағыңыз келеді ме? Олай болса, жақсылыққа жетелейтін жақсы ниет танытуға керемет мүмкіндік туып тұр.


📎"Мектепке жол" акциясы аясында қайырымды жандардың қолдауымен ұйымдастырылып отырған   №59 мектеп-гимназиясының науқанына атсалысып, білім алушылардың қуанышына бөленіп, алғысына ие болуға шақырамыз.


📎Сауабы мол іске өз үлесін қосқысы келетін ниеттілер:

💠Педагогтер;

💠Ата-аналар;

💠Ерікті жандар, т.б.


📎👔👟🥿👞 - мектепке арналған киімдер;

🎒💼✏🖌📝📚📕📐📖 - оқу құралдарын (жаңасын) ұсына алады. 


Толық ақпарат:

📞8 (747) 838-22-13

АМАЛДАРЫҢЫЗ НИЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ, ӨЗГЕГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҢЫЗ!

©️№59 мектеп-гимназия ұжымы

#мектепкежол #қайырымдылық #көмеккөрсету #амалменниет

#59мектепгимназиясы