«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – ИГІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІЗГІ ШАРА » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – ИГІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІЗГІ ШАРА
01
август
2022

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – ИГІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІЗГІ ШАРА

           Бүгіннен бастап жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» іс-шарасының кезекті акциясы басталды. Биылғы акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен жүзеге асырылғалы отыр. Аталмыш іс-шара аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуды мақсат етеді. Сондықтан да осынау ізгі шаралар қоғам тарапынан қолдау тауып, таза ниет періште балаларымыздың мұң-мұқтажы мен қажеттіліктерін өтеп жіберсе, қолдау көрсетілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Балалар жылы аясында жағдайы төмен отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларымызға жақсылық жасап, қол ұшын беруге асығайық!