АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.
Бүгін 9 мамыр Жеңіс күніне орай мектебіміздің оқушылары, "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері және мұғалімдер Түрксіб ауданының байырғы тұрғыны, тыл ардагері Крючкова Надежда Егоровнаның үйіне барып, құрмет көрсетіп қайтты. 90 жасқа келіп қалған ардагер оқушыларымыз бен мұғалімдердің келгеніне қуанып, көңілі бір көтеріліп қалды. Әріптесіміз Фарида Тохтахунқызы Надежда Егоровнаға жылы сөздер айтып, сұрапыл жылдарда жас болсаңыз да жеңіс күнін жақындатудағы ерен еңбектеріңіз бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге деп лебізін білдіріп жатты. Оқушыларымыз «Ұзақ жасаңыз!», «Ауырмаңыз!» деген тілектерін айтып, әлі де келіп тұратындығын айтып кетті. Осылайша №59 мектеп-гимназияның оқушылары мен мұғалімдері бір ізгі іс істеп, ардагерге деген құрмет көрсетті.
