24
апрель
2023
ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- ПРАКТИКАЛЫҚ ФОРУМДА ШЕБЕРЛІК САБАҚ ӨТКІЗДІ
20-21 сәуір күні Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өткен "4К моделі бойынша негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру" атты қалалық ғылыми- практикалық форумда мектебіміздің физика пәні мұғалімдері Хасен Зәру мен Бибек Аяулым "Квест ойындар" шеберлік сабағын өткізіп, жоғары кәсіптік белсенділік көрсеткені үшін Балдәурен РОСО мен Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының құрмет грамотасымен марапатталды. Құтты болсан дейміз. Біздің әріптестеріміз қала мұғалімдеріне шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісуі бұл да бір игі іс. Осы ретте кәсіби маман екендіктерін көрсете білген әріптестерімізге осы бағыттағы жұмыстарына сәттіліктер тілейміз.
