ӘРІПТЕСТЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘРІПТЕСТЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.
01
март
2023

ӘРІПТЕСТЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

    Бүгін мектеп басшысы Қасымова Айжан Тойбекқызы мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерін көктемнің алғашқы күнімен және Алғыс айту мерекесімен құттықтады. 

     «Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Міне, аман-есен көктемнің есігін де аштық. Жарқырап жеткен көктемнің алғашқы күні құтты болсын деймін. Көктеммен қатарласып келген Алғыс айту мерекесі жақсылығымызды молайтып, ынтымақ-бірлігімізді нығайтсын. Жан жағымызға шын жүректен алғыс айта білу де бір бақыт, зор қуаныш емес пе?! Сіздердей мейірімі мол ұлағатты жандармен жұмыс істеп, еңбек ету шын мәнісінде мен үшін үлкен бақыт, зор мәртебе.  Амандықта болайық, құрметті әріптестер! Наурыз мейрамын аман-есен тойлап, оқу жылын ойдағыдай аяқтап, ел алдындағы міндеттерімізді абыроймен атқара берейік. Жақсылық пен қуаныш қатар жүрсін. Ұжымымыз табыстарға жетіп, биік белестерден көріне берсін. Менімен бірге қатарласа жүріп қызмет еткендеріңізге мың алғыс айтамын».