26
январь
2023
ПОЭЗИЯ ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ.
Мектебіміздің 8 «Ә» сынып оқушысы, талантты қызымыз Аскербек Жанель №198 жалпы білім беретін мектебінде өтіп жатқан «Поэзия -сөз өнері” атты аудандық фестивальге қатысып, өнерін көрсетті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл іс-шараға аудан мектептерінен өнерлі, талантты ұл-қыздар жиналып, поэзиядағы қабілеттерін ортаға салды. Біздің қызымыз Мұқағали Мақатаевтың «Өмір жайлы» өлеңін орындап, Мұқағалидің нағыз ізбасары екенін көрсетуге тырысып бақты. Көрермендердің көзайымына айналды. Негізінде фестиваль «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтіп, талантты өнерлі балаларды анықтауға бағытталған. Талантты қызымыздың жетекшісі - мектеп кітапханашысы Кабытаева Назира Ажибаевна.






