"АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ " ӨТУДЕ.
Бүгіннен бастап мектебімізде жоспарға сәйкес екі апта бойы (23.01-03.02.2023) "Ата-аналарға арналған ашық есік күні " ұйымдастырылатын болады. Бұл мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты тағы да бір бекемдеп, ұрпақ тәрбиелеу ісіне тарту, ортақ мақсатта бірлесе еңбек етуді көздейді. Бүгін мектепке 10-ға жуық ата-ана келіп, сабақтарға қатысты. Мұғалімдеріміздің күнделікті жұмыстарының мән-жайымен танысты. Балаларының білім деңгейлеріне көз жүгіртіп, дайындықтарынан хабардар болды. Осы ретте ата-анамен жұмыс түрін жүргізіп, тіркеу жұмыстарын жасап, сынып жетекшілерге арнайы дәптер арнатып, игілікті шараларды атқарып жатқан әріптесіміз, аталмыш іске жауапты -директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха апайға сәттіліктер тілейміз.