«ЖИТС - ҒАСЫР ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖИТС - ҒАСЫР ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.
01
декабрь
2022

«ЖИТС - ҒАСЫР ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

     Бүгін №59 мектеп-гимназия оқушыларымен «ЖИТС - ғасыр  дерті» тақырыбында тәрбие сабақтары өткізілді. Бұл сабақтар даталы күнге байланысты пән мұғалімдерімен (Алишев Нұрғиса, Надырова Назым, Айгерім Мекзам және т.б.) бірігіп ұйымдастырылып, оқушыларға  ғасыр  дертінің   зардабы жайында ақпарат  беріп, оларды салауатты өмір салтына  баулуды мақсат етті. Жалпы бұл тақырып кімге болмасын, маңызды және өте қажет. Өйткені бүкіл әлем халқын мазалап отырған бұл  мәселе әлі де өзінің нақты шешімін таппай келеді. Жыл сайын осы айықпас ауруға шалдығып, бүкіл өміріне балта шапқан қаншама жандар  қиын жағдайға тап болуда. Статистика бойынша елімізде қазіргі кезеңде АИТВ вирусын жұқтырғандар саны 45707 адамға жетті. Және бұл дертке шалдыққандардың арасында жастардың да көп екендігі алаңдатуда. Міне, осы мәселеге байланысты мектеп оқушыларымен әңгіме өткізіліп, көптеген сұрақтарға жауаптар берілді. Балаларға АИТВ мен ЖИТС дерттерінен қалай сақтану керек, олар қандай жолмен таралады, қазіргі кезде қоғам болып күресуде не істеу керек деген деген маңызды мәселелерді білді. Жалпы бұл тәрбиелік сабақтар балаларға пайдалы болып, қауіпті дерттен сақтану жолдарын біліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді.

Аталмыш тәрбиелік сабақтарына жауапты: мектеп тәлімгері Едігетегі Қанат