РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ.
22
ноябрь
2022

РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ.

      Мемлекеттік рәміздер еліміздің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері бар, ерекше қадірленетін, биік мәртебеге ие айырықша нышандар. Бұл рәміздерді қадірлеу- барша азаматқа ортақ парыз. Әсіресе жас ұрпақ бойында ұлттық мәнге ие осынау символдарды құрметтеуге ерте жастан бастап қалыптастыру бүгінде аса маңызды. Бұл жүйелі жұмыс пен үлкен дайындықты қажет ететін нәрселер. Осыған орай бүгін мектебімізде 1-11 сыныптар арасында   "Мемлекеттік рәміздер - еліміздің нышаны" , "Нышандарды құрметтеу - халықты  құрметтеу" деген тақырыптарда сынып сағаттары өткізіліп, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге байланысты оқушылармен танымдық, рухани әңгімелер жүргізіліп, бейнефильмдер мен презентациялар көрсетілді. Оқушылар рухани тұрғыда байып, білімін көтерді.