17
август
2022
1978 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР КЕЛІП КЕТТІ.
Мектебімізге қонақ болып 1978 жылғы түлектер келіп кетті. Сыздыков Бахыт Нығметұлы мен Сеитова Нұржамал Каниқызы есімді мектеп түлектері 44 жыл бұрын оқып (ол кезде №46 мектеп-интернат болатын), 1978 жылы мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқан болатын. Бахыт Нығметұлы ұзақ жылдар бойы құқық қорғау, прокуратура саласында қызмет жасап, еңбек етті. Нұржамал Каниқызы болса, әр салада қызмет жасап, еліне адал еңбек сіңірді. Бүгінде бұл түлектер қызмет бабымен жүрсе де мектепке деген сағыныш сезімі оларды қайта мектепке алып келді. Мектеп басшысымен кездесіп, мұражайды аралап, мұғалімдермен ішкі сағыныш сезімдерімен бөлісті.