Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
18
август
2022

«ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

Үстіміздегі аптада Абай облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXІІІ республикалық Абай оқулары өтті.

Абай оқуларына қатысушылар алты бөлім бойынша сайысқа түсті:

1️. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»-Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы;

2️. «Абайдың қара сөздері» - Абайдың қара сөздерін оқу конкурсы;

3️. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын оқу конкурсы;

4️. «Көңілім әнді ұғады»-Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы;

5️. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»-жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер);

6️. «Ұлылар әлемі» - Абай, Шәкәрім шығармашылығынан эссе жазу конкурсы.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 126 оқушы, оның ішінде Алматы қаласынан 6 оқушы қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша Алматы қаласының 2 оқушысы- Саматқызы Даяна, (№128 ЖББМ) мен  Ашимжан Нурайым (№92 мектеп-лицейжүлделі орындарды иеленсе, Абдулла Нурхан №59 мектеп-гимназиясының оқушысы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталды.

Абай оқуларының қатысушыларына қызықты мәдени-танымдық бағдарлама әзірленді: оқушылар Абай және Әуезов мұражайларын, «Еңлік-Кебек» ескерткіштерін тамашалап, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, театрландырылған көріністің куәгері болды.

Абайдың рухани мұрасынан сусындап, биікке қанат қаққан барша қатысушыларға жаңа табыстар тілей отырып, өнер, әдебиет, поэзия көгінде самғай беріңіздер демекпіз. Жетекші ұстаздарына осындай талапты да дарынды шәкірттері көп, еңбектері жемісті болсын деп тілектестік білдіреміз.