Материалы за 25.01.2018 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 25.01.2018
Ашық сабақ "Суықторғай"
25
январь
2018
Ашық сабақ "Суықторғай"
4 «В» сынып мұғалімі Кудайкулова Гулжахан әдебиеттік оқу пәнінен  «Суықторғай» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ саяхат желісінде ұйымдастырылған. Сабақ түрленген және балалардың белсенділігімен қызықты өтті. Балалар мен мұғалім арасындағы ара-қатынас жақсы жүргілізе отырып, оқушылар мұғалімнің талабын жоғары деңгейде орындады. Оқушылардың белсенді қатысуымен сабаққа қойылған мақсатқа жетті.                          
Ашық сабақ "Түбір мен қосымша"
25
январь
2018
Ашық сабақ "Түбір мен қосымша"
2 «А» сынып мұғалімі Сейтжанова Айсулу  қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша» тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Ой қозғау» стратегияларын қолданды. Оқушының жан-жақты жұмыс жасауына және білім алуына жағдай жасалды. Жұппен жиі, топпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен араласып, ой бөлісіп, талқылай салыстырып, өз ойларын ортаға салды. Оқушылардың сөздік қоры мол, пікірін еркін айта алатыны байқалды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы көрінді. Сабақта уақытты ұтымды пайдаланды.
Ашық сабақ "Ақ шаш. Ана "
25
январь
2018
Ашық сабақ "Ақ шаш. Ана "
25.01.2018ж. 3 «Ә» сынып жетекшісі: Сагындыкова Айжан  әдебиеттік оқу пәнінен сыныбымен «Ақ шаш. Ана» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді, сабақ барысында топтық жұмыс, өзара бағалау технологияларының элементтері көрініс тапты. Сабаққа қатысқан әріптестер тарапынан сабақ соңында талқылау жүргізіп жоғары әдістемелік деңгейде өткізілгенін атап өтті.                          
Ашық сабақ "Көмектес септігі"
25
январь
2018
Ашық сабақ "Көмектес септігі"
25.01.2018ж. 4 «А» сынып жетекшісі: Клышмаганбетова Гулмира  қазақ тілі пәнінен сыныбымен «Көмектес септігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді, интерактивті тақтада слайдтар қолданып, қызықты да тиімді өткізді. Сабақта шығармашылық тапсырмалар, сергіту сәті, ойынға оқушылар белсенді қатысты. Сабақ қызықты өтті, мақсатына жетті.                
Ашық сабақ "Түбір мен қосымшаның жазылуы"
25
январь
2018
Ашық сабақ "Түбір мен қосымшаның жазылуы"
25.01.2018ж. 3 «В» сынып жетекшісі: Тлеуова Маншук қазақ тілі пәнінен сыныбымен «Түбір мен қосымшаның жазылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар  белсенділігі жоғары деңгейде байқалды.