25
январь
2018
Ашық сабақ "Түбір мен қосымша"
2 «А» сынып мұғалімі Сейтжанова Айсулу қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша» тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Ой қозғау» стратегияларын қолданды. Оқушының жан-жақты жұмыс жасауына және білім алуына жағдай жасалды. Жұппен жиі, топпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен араласып, ой бөлісіп, талқылай салыстырып, өз ойларын ортаға салды. Оқушылардың сөздік қоры мол, пікірін еркін айта алатыны байқалды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы көрінді. Сабақта уақытты ұтымды пайдаланды. Мұғалім белсенді орта құра білді.