«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – ИГІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІЗГІ ШАРА
Бүгіннен бастап жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» іс-шарасының кезекті акциясы басталды. Аталмыш іс-шара аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуды мақсат етеді. Ендеше,
Амалдар ниетке байланысты...
📎Оқуды асыға күтіп отырған бүлдіршіндерге қуаныш сыйлағыңыз келеді ме? Олай болса, жақсылыққа жетелейтін жақсы ниет танытуға керемет мүмкіндік туып тұр.
📎"Мектепке жол" акциясы аясында қайырымды жандардың қолдауымен ұйымдастырылып отырған №59 мектеп-гимназиясының науқанына атсалысып, білім алушылардың қуанышына бөленіп, алғысына ие болуға шақырамыз.
📎Сауабы мол іске өз үлесін қосқысы келетін ниеттілер:
💠Педагогтер;
💠Ата-аналар;
💠Ерікті жандар, т.б.
📎👔👟🥿👞 - мектепке арналған киімдер;
🎒💼✏️🖌📝📚📕📐📖 - оқу құралдарын (жаңасын) ұсына алады.
Толық ақпарат:
📞8 (747) 838-22-13
АМАЛДАРЫҢЫЗ НИЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ, ӨЗГЕГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҢЫЗ!
©️№59 мектеп-гимназия ұжымы
#мектепкежол #қайырымдылық #көмеккөрсету #амалменниет
#59мектепгимназиясы