КВЕСТ ОЙЫНҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Версия для
слабовидиящих
» » КВЕСТ ОЙЫНҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ.
07
февраль
2023

КВЕСТ ОЙЫНҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ.

     Бүгін мектебімізде «Ізбасар» жас мамандар бірлестігінің 16.01.-31.01.2023 ж. аралығында өткізілген «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» атты квест-онкүндігінде тәлімгер мен тағылымгердің арасында ұйымдастырылған квест ойынға белсене қатысқан жас мамандар марапатталып, диплом мен сертификаттарға ие болды. Мектебіміздің он тоғыз жас маманның он бесі квест-онкүндікте тиімді сабақтар мен тренингтер, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өздерінің біліктіліктері мен қабілеттерін ортаға салды. Нәтижесінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрбанбай Балжан 1-орынға ие болса (жетекшісі: Лебекова Гүлбаршын), 2-орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Арынова Мақпал (жетекшісі: Тубышева Қорлан) жеңіп алды. Ал 3-орындарға ағылшын тілі пәні мұғалімі Сәрсен Дана (жетекшісі: Надырова Назым), орыс тілі пәні мұғалімі Ташбаева Олтиной (жет.Жұмекенова Жанар), бастауыш сынып мұғалімі Жексенбай Мөлдір (жет.Садвакасова Алия) жайғасты. Қалған жас мұғалімдерге сертификаттар табыс етіліп, еңбектеріне сәттіліктер тіледі. Үлкен қарқынмен басталып, жақсы ұйымдастырылған жас мамандардың онкүндігі осылайша сәтті өтіп, өз мәресіне жетті. Осы ретте жас мамандарға бағыт беріп, аталмыш іс-шараларға ұйытқы болған, жоғары деңгейде өтуіне қолғабыс еткен «Ізбасар» жас мамандар бірлестігінің жетекшісі Зәру Хасенге және директордың бейін және ғылыми істері жөніндегі орынбасары Асан Ержанұлына алғыс сезімімізді білдіре отырып, игі істеріне табыстар тілейміз.