02 сентябрь 2022 0 1 2 3 4 5 «САЛИҚАЛЫ ҰРПАҚ» ҚОРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ. Бүгін «Салиқалы ұрпақ» қоры Түрксіб ауданы бойынша тұрмыс жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан балаларға мектеп сөмкелері мен канцелярлық тауарларды тапсырып, қайырымдылық жасады. Бұл «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында жүзеге асырылып отырған ізгі шаралар. Біздің мектебіміздің қайырымдылыққа мұқтаж балаларына да аталмыш көмек бұйырып, жақсылық жасалды. Ізгі іс-шараның ұйытқысы болып жүрген қайырымдылық қорына өз тарапымыздан үлкен алғыс сезімімізді білдіре отырып, игілікке бағытталған жұмыстарына сәттілік тілейміз.