«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСАЙЫҚ » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Версия для
слабовидиящих
» » «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСАЙЫҚ
19
август
2019

«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСАЙЫҚ

Алматы қаласындағы Түрксіб ауданына қарасты №59 мектеп-гимназияның ұстаздар ұжымы қайырымдылық акциясына  шілде айынан бастап белсене қатысып, көптеген жұмыстарды атқарып, игілікті іске мұрындық болды. Шағын аймақта рейд жұмыстары жүргізіліп, жас жеткіншектерді қауіпсіздік ережесімен, еңбек етудің заңнамалық тұрғыдағы тәртіптерімен таныстыруда біршама іс-шаралар атқарылды. 

Алматы 1 вокзалы мен базар маңындағы мектеп жасындағы балаларды жұмысқа тарту жағдайын тексеру мақсатында бақылау жұмыстары жиі жүргізіліп отырды. 

Мектепке қарасты шағын аймақтағы мектеп жасындағы балалар толық анықталынып тіркелді. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кәсіпкер азаматтармен бірлесіп, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларының оқуға дайындығын, мектепке қажетті құрал-саймандар мен киім-кешектері және тағы да басқалай материалдық көмектер пысықталынып алынды. Мектеп ұстаздары аталмыш қайырымыдылық іс-шарадан тыс қалмай қаржылай көмек көрсетіп, көпбалалы 5 оқушыға мектеп құралдары мен 4 оқушыға мектеп формасы алынып берілді. Мектеп тарапынан демеушілер тарту мақсатында ауданымыздағы көптеген дүкендер мен сауда орталықтарына сұраныс хаттар да таратылды.  

Жас ұрпаққа қамқорлық көрсетумен қатар, олардың рухани дамуы мен толыққанды азамат болып қалыптасуында отбасы, мектеп және қоғамның тығыз қарым-қатынас орнатуы аса маңызды. Еліміздің барлық мектептерінде білім алып, тәрбие көріп жүрген жасөспірімдерге тиісті деңгейде мейірімділік танытып, қол ұшын берсек, ұрпақ алдындағы қастерлі міндетімізді орындай алатынымыз хақ  «Жүректен жүрекке» деген ұранмен бастау алған биылғы акция ынтымақтастықтың, ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етудің зор үлгісін көрсетіп, ұрпақ тәрбиесінде үлкен нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенім мол. Ал бұл сауабы мол қайырымды іске Алматы қаласындағы №59 мектеп-гимназия  ұстаздары мен педагогтары мейлінше атсалысып, қол ұшын беруге әрдайым дайын.  


Алматы қаласы Түрксіб ауданы 

№59 мектеп-гимназия 

Әлеуметтік педагог 

Маханова Айдана Рысбекқызы