Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Аудандық «Кітап – білім бұлағы» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
24
май
2022

Аудандық «Кітап – білім бұлағы» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

           Білімнің негізгі қайнар көзі - кітапта. Сарайыңды ашып, санаңды толықтыратын да кітап.  Жақында "Кітап- білім бұлағы" атты аудандық байқауы өтті. Байқау 6 бағыттан құралды. Байқауға кітап оқуға құмар жас жеткіншектер қатысты. Әр бағыт өз ерекшелігімен баланың білімін тексеруге арналған тапсырмалардан тұрды. Ауданның 27 мектебінің ішінен мектебіміздің оқушылары суырылып алға шықты. Атап өтсек, "Әдеби қолтырауын" номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Мұхтар Әлімқожа ІІ орынды қанжығасына байлады. "Менің сүйікті кітабым"номинациясы бойынша 5-сынып оқушысы Мадалимова Айжан І орынды иеленді. Ал "Кадрда  оқу" номинациясы бойынша 10- сынып оқушысы Базарова Дана І орын алып, байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Оқушыларымызды мәртебелі жетістіктерімен  құттықтай отырып, осы үрдісті әдетті бастамаға айналса екен деп тілейміз.

Алар асулары биік, жетер жетістіктері мол бола берсін.