АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2023

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ.

     Бүгін мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мекзам Әйгерім Қайратқызы 8 «В» сыныбына "Адамгершілік - рухани тәрбиенің негізі" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағаттары негізі мектебімізде жоспарға сай жиі өткізіліп, оқушыларға адамгершілік, әдептілік, рухани құндылықтар туралы айтылып отырады. Арнайы фильмдер мен бейнесюжеттер көрсетіліп, өзара талқылап, ойындар ойнатылып, тапсырмалар беріліп, барынша оқушылардың процеске қатысып отыруларын ескереді. Бүгінгі Әйгерім Қайратқызының тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтіп, балаларға үлкен әсер қалдырды. Аталмыш тәрбие сағаттарына жауапты – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха.