«ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА» КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА» КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.
15
ноябрь
2022

«ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА» КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

        Бүгін "Ұлттық валюта» күніне орай 3-сыныптар арасында   тәрбие сағаты өткізілді. Бұл тәрбие сағаттары оқушылардың төл теңгеміздің шығу тарихы мен оның егемен еліміз үшін маңызы үлкен болғандығын түсіндіру мақсатында өткізілді.  29 жыл бұрын алғаш басылып шыққан ұлттық теңгеміз тәуелсіздікті нығайтуға көп әсері тигізгені, сондай-ақ әлемдік банкноттар арасында ең үздік деп танылғаны да белгілі. Сондықтан да ұлттық теңгеміз туралы мәліметтер оқушылардың білім-танымын көтеру үшін ғана емес, сонымен бірге ұлттық сана-сезімі мен Отанына деген құрметін арттыру үшін де пайдалы болмақ. Осы бағытта ұйымдастырылған тәрбие сағаттарды мұғалімдер жоғары деңгейде өткізіп, белгіленген мақсатын орындай алды.