БЕЛСЕНДІ БОЛҒАН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ОСКАР МҮСІНШЕСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БЕЛСЕНДІ БОЛҒАН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ОСКАР МҮСІНШЕСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ.
27
апрель
2023

БЕЛСЕНДІ БОЛҒАН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ОСКАР МҮСІНШЕСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ.

     Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігінің қорытынды іс-шарасы ұйымдастырылып, белсенді болған мұғалімдерге оскар мүсіншесі табыс етілді. Соңғы он күн бойы ағылшын тілі пәні мұғалімдері көптеген іс-шаралар өткізіп, өздерінің ұйымшылдықтары мен бірліктерін, креативті ойлау қабілеттерін ортаға салып, қызықты дүниелерін ұсына білді. Мұғалімдерге арналған «Ағылшын тілін үйренейік!» атты  шеберлік сабақтары әріптестерге оң әсер етіп, ағылшын тіліне деген қызығушылықтары артып, көптеген жаңа ақпараттарды үйренуіне мұрындық болды. Ашық сабақтар мен танымдық іс-шаралар, жаңалық пен мазмұнға бай көрмелер білім алушылар мен педагогтерге үлкен әсер қалдырып, танымдық және рухани тұрғыда пайдалы болды. Бүгін қорытынды іс-шарада ағылшын бірлестігінің мүшелері белсенді, білімдерімен ерекшеленген, әрі көп жұлдызша жинаған мұғалімдерді қызыл кілеммен жүргізіп, грамота беріп, оскар мүсіншесін табыс етті. Қатысқан көрермендерге түрлі тәттілер үйлестірілді. Осындай ерекше жағдайда ұйымдастырылған табыстау рәсімі ұжымға жоғары көңіл-күй сыйлап, ұмытылмастай әсерлер қалдырды. Өз тарапымыздан ағылшын тілі бірлестігінің мұғалімдеріне шын риза бола отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырған іс-шаралары үшін алғыс сезімімізді білдіреміз.   

Похожие публикации:

19 апрель 2023 «MY DAILY ROUTINE»
12 февраль 2021 Ашық сабақтар
09 февраль 2021 Ашық сабақтар