Қайырымды істерге ұйытқы болайық » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырымды істерге ұйытқы болайық
06
август
2022

Қайырымды істерге ұйытқы болайық

    Қайырымды болу, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – ата-бабаларымыздан мирас болған ізгі қасиеттер. Бұрындары бір жиһанкез: «Өзге елдер байлықпен жарысса, бұл ел қайырымды істермен жарысады екен» деп, қазақтың осы бір асыл қасиетіне риза болып кеткен екен. 

Иә, жақсылық жасау, қайырымды болу- бұл біздің елдігіміздің, бірлігіміздің нышаны. Кейінгі ұрпақ осы бір ізгі істерімізден үлгі алып, жақсылыққа қарай қадам басса, қайырымды болуды үйренсе, онда біздің халқымыз мәңгі жасай береді деген сөз.  

 Бүгінде «Мектепке жол» акциясы жалпыхалықтық сипат алып, әр өңірлерде жүзеге асып жатқандығы баршамызға белгілі. Қайырымды іс-шараға үлес қосып, жақсылық жасап жатқан азаматтар да табылуда. Әріптестеріміз де акцияға атсалысып, қолғабыс етуде. Осы аптада Енсебаева Ләйла Төлеукенжеқызы апайымыз отбасы, балаларының атынан қайырымдылық жасап, ізгі іске үлес қосты. Азаматтық міндеттерін атқарды. Біздің мектебіміздің біраз ата-аналары қолдарынан келгенше көмек қолын созып, акцияға атсалысып та жатыр. Жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға мектеп құралдары мен киімдер сыйлап, игі шараға үлес қосты. 

Негізінде ұстаздар мен сынып жетекшілердің қайырымдылық акциясында атқарар ролдері өте үлкен болып жататындығын айта кету керек. Жақсылыққа шақыру, қайырымды істерге ұйытқы болу – бұл да үлкен еңбек, игі қасиет. Біздің мұғалімдеріміз аталмыш іс-шараға атсалысып, қайырымдылыққа ұйытқы болуда. Сондықтан да ата-аналармен жұмыс істей біліп, қайырымдылыққа тарта білсек, ептілік танытсақ, жаңа оқу жылында білім алуды асыға күтіп отырған біраз бүлдіршіндерге қуаныш, тәтті көңіл-күй сыйлаған болар едік...