Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі 2020-2025 жылдарға арналған «Оқитын мектеп жобасы» Кітап – рухани байлық » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі 2020-2025 жылдарға арналған «Оқитын мектеп жобасы» Кітап – рухани байлық
07
январь
2021

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі 2020-2025 жылдарға арналған «Оқитын мектеп жобасы» Кітап – рухани байлық

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі 

2020-2025 жылдарға арналған

«Оқитын мектеп жобасы»

 Кітап – рухани байлық


 



Ата-ана, ұстаз, оқушыға арналған

(№59 мектеп-гимназия)








 Алматы, 2021 жыл


 


Оқушыларға қазақ әдебиетінің,   әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу мақсатында «Зияткер мектеп оқушысы оқуға міндетті 25 кітап» жобасы 2020-2021 оқу жылынан бастап енгізілді.


   Мақсаты:

  Оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, жастарды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту.















Мазмұны:

Жобаның мақсаты мен міндеті------------------------------------- 3- бет

Ата-анаға кеңес айдары----------------------------------------------5- 15- бет

Кітап оқуға арналған кеңестер -------------------------------------16- 23- бет

5- сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі----------------------------24- бет

6- сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі----------------------------25- бет

7- сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі----------------------------26- бет

8- сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі----------------------------27- бет

9- сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі----------------------------28- бет

10- сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі---------------------------29- бет

11- сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі---------------------------30- бет

Әр қазақ оқуы тиіс 100 кітап тізімі---------------------------------31-33- бет

Ата-аналарға оқуға тиісті әдебиеттер тізімі-----------------------34- бет





























 




Әрбір ата-ана өз перзентіне ең жақсыны қалайды. Бала өмірде жетістікке қол жеткізу үшін сауатты, білімді болып өсуі шарт, яғни ақпаратқа толы мына әлемде өз-өзіне сенімді болуы қажет, өзін еркін сезінуі керек.

Алайда баланың кітап оқуға құмарлығын, үнемі ізденісте болуын, жаңа білім алуға талпынуы мен дұрыс ақпа- ратты таңдауын, қоғамда баланың теріс ағымның ықпалына түсіп қалмауын, жеке ойының болуы мен дұрыс құндылықтар жүйесінің болуын қалай қалыптастыра аламыз?

Бұл сұрақтардың бір ғана жауабы бар: баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу керек.


 

 



 Кітап оқудың пайдасы неде?

«Кітап оқуды сүйетін балалардың сөздік қоры бай, әртүрлі салада білімі мол, мектептегі оқу үлгерімі жоғары болады, өмірде жетістікке жетеді, заңбұзушылықтарға бармайды, тәртіпті әрі тәрбиелі болып қалыпта- сады» – дейді зерттеушілер.


Мен ата-ана ретінде не істей аламын?

Жауабы: Қосар үлесіңіз мол! Ата-ана – баланың өміріндегі ең басты ұстаздар. Кітап оқуды бастау ешқашан кеш емес. Балаңызбен күніне бірнеше минут оқысаңыз – жеткілікті!


Сөздік қорды кеңейту және мәтінді түсіну

Оқу дегеніміз – ата-ананың дауыстап оқығанын тыңдау емес, мұқият тыңдай отыра, сөздерді есте сақтау, жаттау. Осылайша көп сөздің мағынасын білетін балаға мәтіннің мағынасын түсініп, оқиғалар желісін бақылау оңайға соғады.

Бала оқып үйрене бастаған кезде сіз ата-ана ретінде баланың дамуы мен кітапты құрметтеуіне, кітапты сүюіне әсер ете аласыз. Бастысы балаңыздың нені қалайтынын түсініп, дұрыс кітап табуға көмектесу. Сонымен қатар, балаңызға үй тапсырмасын орындауға көмектесуді естен шығармаңыз.


 


 Менің балам өздігінен кітап оқу үшін әлі кішкентай, бірақ мен оны кітап оқуға, кітапты сүюге баули аламын


Кітап балаға түсінікті тілде жазылғанына көз жеткізіңіз.  Бала  кітап оқуды әдетке айналдыру үшін келесідей әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  • Ата-аналар балаларына күніне 10-15 минут ДАУЫСТАП оқуы

керек (!!!), кітаптағы суреттерді талқылап, кітап жайлы пікірлерімен бөлісуі керек.

  • Ата-аналар кітап оқу керек! Баласы ата-анасының кітап оқығанын көрсе, өзі де қызығып, оқитын болады.
  • Баланың айналасын кітаптар қоршағаны жақсы, бірақ бұл үйге жүз кітап сатып алу керек деген сөз емес. Балаңызбен жергілікті кітапханаға барып (мүмкіндік болса, кітаптар дүкеніне барып), уақыт өткізуге болады. Кітапханада баланы кітаптармен таныстырып, мазмұнын талқылап, осы жолы үйге қандай кітапты, келесі жолы қайсысын алатындарыңызды бірге шешуге мүмкіндік аласыздар.








 

 
 Баламен кітапты қалай оқу керек?

Күнделікті дауыстап кітап оқып үйренбеген жандарға ертегілер мен оқиғаларды дауыстап оқу таңсық, жат нәрсе болып көрінуі мүмкін.  Кітап оқу сізге жат көрінгенімен, кітап оқуды жақсы көрмесеңіз де, балаңызға кітап оқудан бас тартпаңыз. Балалар кітап оқығанды ұна- тады, олар оқиғаны тыңдап отырғанда көп қиялдайды, сондықтан сізді сынамайды.


Бала қай жасында кітап оқуды бастауы керек?

Балаға туылған күннен бастап кітап оқу маңызды. Балаларға дауыстап оқыңыз, ән айтыңыз, кітаптардағы суреттерді көрсетіңіз. Бала үшін кітап ата-анасын еске түсіртетін болады. Ең жақын жандары болып табыла- тын ата-аналары үшін кітаптың маңызды екенін көрген бала, кітапты жақсы көре бастайды, мұқият тыңдап, сіз оқыған кітаптардан ләззат ала бастайды.


Ата-аналарға кеңес. Кітапты қалай оқу керек?

  • Мамандар балаға 3 айлық кезінен кітап оқи бастауға кеңес береді.
  • 1 жасқа дейінгі сәбиге кітап оқу кезінде оны алдыңызға алғаныңыз

жөн. Дамуға арналған кітап-ойыншықтың беттерін бірге ауыстырып, әрбір беттегі суреттерге жеке тоқталғаныңыз дұрыс.

  • Уақыт өте келе беттері қалың кітаптарды интерактивті кітаптарға ауыстыруға болады.
  • Суреттері бар кітапты оқу кезінде суретті нұсқап, атын айтыңыз, сол

кезде бала сөз бен суреттің бір екенін түсініп, екеуін байланысты- рады. Сондай-ақ, баланың сөздік қорын кеңейтуге септігін тигізеді.

  • Кітап оқу барысында басты кейіпкерге тән мінез-құлық пен

тарды сомдауға ұялмаңыз. Қасқыр болса-қасқырша ұлып, ит болса үріп, қыңсылуға болады.


 

Балаларға кітапты қаншалықты жиі, әрі ұзақ оқу керек

  • Қаншалықты жиі  және   ұзақ  оқуыңыз  балаңыздың   сабырлығы  мен шыдамдылығына байланысты. Кітап оқуға баулудың алғашқы кезінде балаңыз кітап оқуға қызығушылық білдіре қоймайды, сон- дықтан бірнеше минут отыруы мүмкін, бірақ кітап оқуды әдетке айналдырсаңыз, баланың кітап тыңдауға құлшынысы оянып, ұзағы- рақ отыруы мүмкін. Сондай-ақ, сіздің үнемі кітап оқуды ұсынуыңыз, бастамаларыңыз бен әртістік қабілеттеріңіз балаға кітап оқудың қызық екенін сезіндіруі мүмкін.
  • Сіз неғұрлым көп оқитын болсаңыз, соғұрлым кітап оқу баланың да күнделікті ісіне, әдетіне айналады. Мамандардың кеңесіне сүйен-

сек, мектепке дейінгі жастағы балаларға күндіз немесе кешке, ал бастауыш мектеп оқушыларына ұйықтар алдында, түнде ертегі оқығаныңыз дұрыс.






 

Балаларды кітап оқуды сүюге үйретуде


 мамандардың кеңесі

  • Кітап күнделікті өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналуы керек. Ата-анасы 10-15 минут бос уақыты пайда болған кезде балаларына дауыстап оқып беретін бірнеше кітаптың болғаны дұрыс.
  • Жергілікті кітапханада оқырман билетін аштырыңыз. Балаңызды

ертіп, кітапханаға барыңыз. Бірге уақыт өткізу, бірлесіп кітап таңдау сіздерді жақындатып қана қоймай, балаңыздың қандай тақырып- тарға көбірек қызығатынын білуге мүмкіндік береді.

  • Балаңызға оған қызықты тақырыптар аясында жазылған кітаптарды

табуға көмектесіңіз. Проза болса да, журнал немесе комикстер болса да оқуға рұқсат етіңіз, себебі қазір не оқитыны емес, оқығысы келетіндігі маңызды.

  • Балаңызға дауыстап оқу кезінде ыңғайлы орын таңдаңыз, себебі

ыңғайлы орын – баланың алаңдамай, оқығаныңызды мұқият тыңдайтындығының кепілі.

  • Оқу барысында балаңызға келесідей сұрақтар қойыңыз: Ары қарай

не болады деп ойлайсың? Кеше оқиғаның қай жеріне дейін оқы- дық? Басты кейіпкерлердің аттары кім? Саған кейіпкерлердің қай- сысы ұнайды? Неге? т.б.

  • Бір бос минутыңыз бола қалса, балаңызға дауыстап оқыңыз. Өзіңіз-

бен үнемі кітап алып жүріңіз. Мысалы, дәрігерге кезекті күтіп тұрғанда, басқа да жағдайларда балаңызға кітап оқып бере аласыз.

  • Балаңыз жақсы көретін кітапты, кітаптың қызықты, есте қалған,

ұнататын бөліктерін қайта-қайта оқудан жалықпаңыз. Бірнеше рет оқығаннан кейін баланың тілі жаттығып, бала тез оқи бастайды. Ал ол өз кезегінде баланың өзіне деген сенімділігін арттырады.

  • Балаңызға ұйықтар алдында, кез келген уақытта ертегілер мен

басқа кітаптарды дауыстап оқыңыз. Дауыстап кітап оқу – баланың демалып, ұйқыға дайындалуының ең жақсы жолы.

  • Кішкентай балаларға санамақтар мен тақпақтарды (әсіресе жол- дары мен сөздері қайталанатын, ұйқасқан) оқыған өте пайдалы. Оларды тыңдап отырған бала, жаңа сөздерді қайталап, есте сақ- тауға тырысады.
  • Кітаптар баланың қызығушылық танытатын тақырыптарына сәйкес болуы керек. Мысалы, балаңыз ғарыш кемелеріне қызығатын болса,

оған ғарыш кемелері туралы кітаптарды сатып алыңыз. Ал қызыңыз көбелектерді жақсы көретін болса, көбелектер туралы кітаптар, ертегілерді тауып бергеніңіз жөн. Егер балаңызбен кітапханаға немесе кітаптар дүкеніне келген болсаңыз, өзіңізге ұнайтын кітапты сатып алуға мәжбүрлемеңіз.

  • Бастысы! Балаларыңыз сіздің кітап оқудан ләззат алатыныңызды көруі керек. Бала ата-анасының кітап оқитынын көруі керек...







 КІТАПТЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАҢДАУ КЕРЕК

Балаға кітап сатып алу айтарлықтай жауапты іс. Аналар мен әкелер өз баласына кітап сатып алу кезінде өте мұқият болулары қажет. Ең басты шарт

– кітап баланың жасына сай таңдалуы қажет.


4 АЙ

Бұл жастағы баланың қолы заттарды ұстауға икемделген, сондықтан дамы- туға арналған кітаптарды таңдаған жөн. Көп жағдайда дамытуға арналған кітаптарды жасауда маталар, су өткіз- бейтін материалдар, бұдырлы заттар мен түрлі толтырғыштар қолданады.

Бұл сияқты ктіаптар суреттерді қолмен ұстап көруге мүмкіндік береді, нәтижесінде баланың қолының ұсақ моторикасы жетіледі.


6 АЙДАН 3 ЖАСҚА ДЕЙІН

6 айлығынан балаға қалың беттері бар,  әсіресе   картоннан  жаса- лынған кітаптарды ұсынуға болады. Үлкен және  түрлі   түсті  суреттері бар кітапты таңдау керек. Бұл жаста бала әлі оқи алмайтын болған- дықтан, сөздер мен сандардың көп болмағаны дұрыс. Бүлдіршіндер суреттерді қарағанды жақсы көреді. Сол суреттерге қатысты шағын  өлең шумақтары болса да жақсы. Оған осы тақпақты оқып жатқанда бала мағынасын түсінбесе де, жолдардың ұйқасын келтіретін сөздердің оның дамуына әсері зор екені сөзсіз.


3-4 ЖАСТА

Бұл жастағы балалар жануарлар мен өсімдіктер туралы тыңдағанды жақсы көреді. Пайдалы танымдық мәліметпен қатар, әдемі және сапалы суреттердің болғаны дұрыс.

4-6 ЖАСТА

Бала өте жылдам өседі, барлығын білгісі келеді, сондықтан барлық сұрақтарына жауап беретін балаларға арналған энциклопедиялар бұл жастағы бала үшін таптырмас кітаптар. Сондай-ақ, кітап-ойын немесе бояғыш кітаптар баланың көңілін аулап қана қоймай, оның зияткерлік дамуына да септігін тигізеді. Кітап сатып алу кезінде оның өлшемдеріне назар аудару керек. Егер кішкентай кітап сатып алсаңыз, жазуы ұсақ болып, баланың көру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, балалар оқи алмаса да, сөздердің ішінде таныс әріптерді іздейді. Ал ұсақ жазудың ішінде таныс әріпті ажырата алмайды. Иллюстрацияларға да көп мән беріңіз, себебі бұл жастағы балалардың оларды қоршаған болмыс туралы түсінігі суреттерден қалыптасады, сондықтан иллю- страциялар да шынайы және табиғаттың заңдарына, басқа да заңдарға қайшы болмауы керек. Сурттердің түсі жылы, көзге бірден басылмай- тын, баланың нәзік психикасын зақымдамайтындай болуы керек.


7-16 ЖАСТА

Әңгімелері бар кітаптарды таңдаңыз, себебі бұл жаста бала оқиғалар желісі қиынырақ әдебиетті де түсіне алатын кезі. Бұл жастағы бала шағын оқиғаның желісін жүйелеп, түсіне алады. Бала кітаптың келесі бетінде не туралы айтылатынын немесе оқиғаның немен аяқталатынын болжай алады. Сондай-ақ, кітаптағы оқиғаға қатысты өз ойын білдіре алады. 7-11 жастағы балаларға иллюстрациялары бар сурет таңдау мін- детті емес.

Кітап дүкеніне немесе кітапханаға ұлыңызбен немесе  қызыңызбен бірге барып, балаға қызықты тақырыптарға кітаптарды қараңыздар. Мысалы, аттар, ғарышқа сапар, мәнерлеп сырғанау мен динозаврлар

– балаға қызықты кітаптардың кез келгенiн таңдай берiңiз. Балаңыз бастапқыда классикалық шығармаларды оқуға қызығушылық таныт- паса, уайымдамаңыз. Біздің басты мақсатымыз – бұл жастағы бала- ларды әдеби шығармаларды оқуға мәжбүрлемей, кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылығын жоғалтып алмау.

БАЛАҢЫЗ  КІТАП ОҚУДЫ СҮЙМЕСЕ НЕ ІСТЕУ 
   КЕРЕК?

  • Балаға ұнамайтын кітапты мәжбүрлеп оқытпаңыз. Балаңызды не қызықтыратынын анықтаңыз: көбелектер, кемелер, жануарлар мен құстар, көліктер... Жергілікті кіапханаға барып, кітапханашымен балаға не ұсынуға болатынын кеңесіңіз.
  • Кітап оқу кезінде балаңыздың шаршап, қарны ашып немесе өзінің

ең сүйікті бағдарламасын күтіп отырмағанына көзіңізді жеткізіңіз. Баламен дауыстап кітап оқуға күнделікті 10-15 минут уақыт бөлу керек, оқуға бала ұнататын тақырыптағы кітаптарды таңдау қажет.

  • Бала өздігінен оқып бастай алмайды, сондықтан алғашында оған

өзіңіз дауыстап оқыңыз. Кітап оқудың қызық әрі танымды екеніне көзін жеткізіңіз. Кітаптың ең қызықты тұстарында үзіліс жасаңыз. Ары қарай не болуы мүмкін деп ойлайсың? Басты кейіпкер осы жағдайдан қалай шығады деп ойлайсың? – сияқты сұрақтарға балаңызбен бірге жауап іздеңіз.

  • Ұл балалар қыздарға қарағанда кітапты аз оқиды.  Ұл  балалар деректі прозаны ұнатса, қыздар көркем шығармаларды ұнатады. Ұл балалар үшін кітапханадан Гиннестің рекордтар кітабын, автокөлік- тердің тарихы, спорттың шығу тарихы, әскери кемелердің түрлері туралы т.б. кітаптарды алғаныңыз жөн.
  • Бала кітапқа назар бөліп, оны оқуға қызығушылық танытқан кезде оған қолдау көрсетіңіз, мақтаңыз. Бала таңдап алған кітапты талқы-

лаңыз, сол кітап туралы әңгімелесіңіз. Бала қызығушылық таныта- тын тақырыптарға сай кітаптарды таңдауға тырысыңыз.

  • Бала ата-анасының оқып жатқанын көруі керек. Күнделікті кітап, журнал, газет, оқу құралдарының біреуін болсын оқуға тырысыңыз.

Сол кезде бала оқудың маңызды екенін түсініп, сізге еліктейтін болады.




























КІТАП ОҚИ АЛМАЙТЫНДАРҒА 5 КЕҢЕС!


Кітап оқығанды ұнатсаңыз, алайда күйбең тіршіліктен сүйікті ісіңізге бос уақыт таппай жүрсеңіз, төмендегі кеңес сізге арналған.


1. Кітапты өзіңізбен бірге алып жүріңіз

Көптен бері оқығыңыз келіп жүрген кітапты өзіңізбен ұстаңыз. Қолыңыз босаған сәтте бір-екі бет болсын, оқып үлегересіз. Жұмыста түскі ас уақытында немесе үйге қайтар жолда кітап сенімді серігіңізге айналады. Бастысы өзіңізге ұнаған әрі қызықты кітап болсын. 


2. Кітап оқуға арнайы уақыт бөліңіз

Жұмыс тәртібіңізге, бос уақытыңызға қарай кітап оқуға бірер сағатты бөліңіз. Мысалы, ұйықтар алдында жарты сағат, таңертең 15-20 минут деген сияқты. Бір күнде 100 бетті оқимын деп өзіңізді әурелемеңіз. Аз-аздап, бірақ түсінікті оқыңыз.


3. Әлеуметтік желі мен ойынға жұмсаған уақытыңызды кітапқа арнаңыз

Әлеуметтік желі мен ойындар - уақыттың қас жауы. Бәріміз мұны білсек те уақытымыздың басым бөлігін ойын ойнаумен, әлеуметтік желіні ақтарумен өткіземіз. Уақытша болсын әлеуметтік желі, ойын, сериалдан бас тартыңыз. Оның орнына кітап оқуға дағдыланыңыз.


4. Кітап көз алдыңызда болсын

Көп уақытыңызды өткізетін бөлмеге оқығыңыз келген кітапты апарып қойыңыз. Мысалы, өзіңіздің бөлмеңізге, компьютер үстеліне, ваннаның жанына. Бұл тәсіл кітапты үнемі көз алдыңызда ұстауға 

көмектеседі.


5. Достарыңызбен бірге кітап оқыңыз

Кітапты жалғыз емес, достарыңызбен бірге оқыңыз. Пікір таластырып, өз ойыңызбен бөлісіңіз. Жарысыңыз. Бұл сіздің кітап оқуға деген қызығушылығыңызды арттыратыны сөзсіз.

Уақыты тым аз, қолынан телефоны түспейтіндер үшін - электронды немесе телефонға арнайы жасалған кітаптарды ұсынамыз. Кез келген уақытта телефоныңыздан қажетті кітапты оқуға мүмкіндік болады.





Кітапты жылдам оқу әдісін меңгеріңіз де, бәріне үлгеріңіз!


Әрбір адам жиі болмаса да аптасына 1-2 рет қолына кітап алады. Қаланың күйбең тіршілігі жар бермей, кітапқа қарайтын уақыттың тапшылығын жоққа шығара алмаймыз. Десе де, нағыз кітаптың жанашыры немесе өзін шын оқырманмын деп есептейтін адам басқа-басқа, дәл осы кітап оқуға міндетті түрде уақыт табуға тырысады. Ақпарат алудың жаңа жолдары пайда болса да, адамзаттың кітапқа деген құрметі төмендемек емес.


Бәрінің де жылдам оқып үйренгісі келеді. Ол үшін нені білу керек? Біздің аз-кем кеңесімізге көз жүгірте отырыңыз. Бір кәдеңізге жарасын!


Жылдам оқу қабілетін дамыту – күрделі жұмыс. Мега жылдамдықпен оқып үйрену үшін бекітілген негізгі ережелерді ұстану қажет.


Біріншіден – езуімізді жиямыз, яғни дыбыстап оқуға болмайды. Себебі, адамның ойы сөзінен 21 есе жүйрік екендігі дәлелденген.


Екіншіден – таңбаларды саусақпен жүргізіп отыру қажет.


Үшіншіден – оқу барысында тоқтап қалуға болмайды. Оқып болған соң сөйлемдерге қайта оралудың қажеті жоқ. 


Тағы бір білу керек ереже, ол – мәтінді түсінуге тырысып, мейлінше жылдам оқу. 

Кітап оқыған кезде көбіміз әр сөйлемге жеке қарайды екенбіз. Миымыз назарға алып отырған сөзден 15 градус аумақтағы таңбаларды ғана қабылдай алады. Егер арнайы жаттығулар жасасаңыз бұл аумақ 35 градусқа дейін үлкейеді. 


Жылдам оқу әдісін меңгерген мамандар кітаптың (парақтың) ортасына қарап-ақ сол бетте не жазылғанын біледі. 

Осы секілді әдіс-тәсілдердің арқасында адамның есте сақтау қабілеті дамиды. Яғни қысқа ғана уақытта оқып шыққан кітабыңыздың мазмұнын толық түсінесіз. 


Жылдам оқу әдісінің басты мақсаты да сол – біліміңізді арттыру және уақытыңызды үнемдеу. Асықпай оқу барысында адам кітапта жазылған мәтіннің 60%-ын ғана қабылдайды. Жылдам оқығанда керісінше, кітаптың 80%-ын түсінуге мүмкіндік туады. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңеді. Зерттеушілер асықпай оқығанда көздің тез шаршайтынын анықтаған.

Ең негізгі құпияны айтайық. Сіз оқу барысында сөзге акцент түсіресіз бе әлде ойға ма? Мәселе осында. Егер ойға салмақ түсірсеңіз, онда кітап жылдам оқылады. 


Тез оқу үшін, әрине, ең бірінші кезекте мүмкіндігінше көп оқуды қолға алу керек. Көп оқығанның жады қажетті ақпаратпен толысып, түйсігің кеңейе түсетіні анық. Кез келген саланың амалдары мен әдіс-тәсілдері бар. Тек соны дұрыс қолдана білсеңіз болғаны. Адамның қолынан келген нәрсені сіз де жасай аласыз.  


Есіңізде болсын!

Бұл жетістікке бірден жете алмайсыз. Барлығы бірте-бірте, ақырындап келеді. Тек қана оқуды тоқтатпаңыз!



























КІТАПТЫ ҚАЛАЙ КҮТЕМІЗ?


Адамның рухани жан азығы саналатын кітапты оқуға дағдылану әрі оның таңдап-талдап оқу қаншалықты пайдалы болса, оны асыл мұрадай сақтап, күтіп ұстау да соншалықты қажет нәрсе. 

Кітап дүниеге оңайлықпен келмейді, оған да зор еңбек сіңіріледі. Сол қасиетіне орай оның бағалылығы артады. 


Жақсы кітап қолдан қолға тиіп, көп ұсталуына қарай кірленіп, тоза бастайды. Кітапты мұндай күйге түсірмес үшін, аса ұқыптылықпен қарап, дұрыс пайдалану керек. Оқыған сайын кітаптың сыртқы мұқабасын қаптап, парақтағанда саусақты суламай, ептеп ашса, оқып келген жерін қайырмай, арасына қалың нәрсе қоймай, оның орнына кішкентай қағаз салып қойса, кітап көпке дейін жақсы сақталады.


Кітапты сызып, ашық жеріне жазу түртіп қою дұрыс емес. Сонымен қатар, тамақтанып, шай ішіп отырғанда кітап оқымаған жөн. Себебі, кітап парақтарына майлы зат тамып, арасына қоқым түсіп кетуі мүмкін.


Кітапты күн көзінде оқыған және сақтаған дұрыс емес. Себебі, кітап қағазы сарғайып, өңі бұзылады. Сонымен қатар, кітапты дымқыл жерде сақтауға болмайды. Бұл жағдайда кітап арасы көгеріп, парақтары бір-біріне жабысып қалады. Сондықтан да үйіңіздегі кітап сақтауға жайлы орынды белгілеп, сөрелерді сол жаққа орналастырыңыз. Мүкіндігінше кітаптарды жабық сөрелерде сақтаған жөн. 


Кітапқа шаң да, әртүрлі кеміргіш құрт, қоңыз, т.с.с. жәндіктер әуес. Бірі кітап қағазын кеміріп, бүлдірсе, бірі кітап түбіндегі желімге құштар. Қай-қайсысы болмасын кітапты бүлдіріп, қағазын үгіп шаңдатады. Бұл зиянкес жәндіктер көбінесе өте тығыз және аса көп қозғалмайтын шаң басқан кітап сөрелерінде жиі кездеседі. Сондықтан да үй жинаған кезде кітап сөрелерін де сүртіп, шаңсорғышбен тазалап қоюды ұмытпаңыз. Алдымен сөредегі кітаптардың барлығын алып, әрқайсысының шаңын сүртіңіз.


Сөрелерге кітаптарды қойған кезде, оларды тығыз орналастырмаған абзал. Адам баласына ауа қаншалықты қажет болса, кітаптарға да таза ауа соншалықты қажет. Кітап сөресі тұрған бөлменің жиі-жиі терезесін ашып, ауасын тазартып тұру керек. 



Егер де кітапты байқаусызда суға түсіріп алсаңыз, жылы да құрғақ, 

жел қағатын көлеңкелі жерге тік күйінде, парақтарын желдеткіш (веер) тәрізді ашып, кептіріңіз. Бірақ та, кітап беттерінің бір-бірімен жабысып қалмауын қадағалаңыз. 


Кітап парақтарының не мұқабасының жыртылғанын байқасаңыз, арнайы қағазбен желімдеп қойыңыз. Саусақ немесе қарындаш ізін байқасаңыз, жұмсақ шүберекпен не өшіргішпен сүртіп кетіруге болады. Кітапты неғұрлым ұқыпты пайдалансаңыз, соғұрлым оның өңі бұзылмай, ұзақ сақталады. Барлық дене мүшесіне әсер ететін үлкен миды жаттықтырудың ең тамаша тәсілі – кітап оқу. Кітап оқу жүйке жүйесін тыныштандыруда, дене-бітімді күшейтуде, әртүрлі аурулардың алдын алуда аса жоғары маңызға ие.  Жақсы кітап – рухани азық. 

Кітап оқудың тағы бір ерекшелігі, ол ұзақ өмір сүрудің кепілі екен. Жапония медицинасы осындай қорытынды шығарып отыр. Олардың айтуынша, ең ұзақ өмір сүретіндер – философтар, одан кейінгісі ғалымдар мен көркемөнершілер. Олар «кітап оқу – үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады. Кітап оқып болған соң да оның сыйлайтын әсері дене шынықтырудан кейінгі массаж секілді адамды рухани қалыпқа түсіріп отырады» дейді. 





















Нағыз кітапқұмардан қарапайым адам қандай сөздерді естімейді? Біле отырыңыз!


1. Кез келген мерекеге немесе туған күнге нендей сыйлық алам деп бас қатырамын.


2. Менің ішім пысады, айналысатын жұмысым жоқ. 


3. Бұл өте тамаша кітап, бірақ киносы одан да жақсы.


4. Маған кітап дүкенінен ештеңе қажет емес. 


5. Менде кітап өте көп.


6. Оқитын ештеңе жоқ.


7. Демалыс яки мереке күндеріне ешқандай жоспарым 

жоқ. 


8. Мен ұйықтауға кеттім, алғашқы тарауын оқуға уақытым жоқ. 


9. Оқудан жалыққан сияқтымын. 



















Оқығанды қалай тез есте сақтауға болады?


Кітап оқу кезінде әр 20 минут сайын "Мен не оқып жатырмын? Не түсіндім?" деген сынды сұрақтарға жауап беру керек. Ең маңызды оқиғаларды көзге елестетіп, ұмытып қаламын деген жерлерін сызып қойыңыз.


Неліктен 20 минут?


Неміс психологы Герман Эббингауз адам жадында деректерді сақтау процесін зерттеген. Зерттеулерге сәйкес, адам алғашқы 20 минутта алған ақпараттың 40 пайызын, ал 1 сағат ішінде 60 пайызын ұмытып қалады екен. Ал бір күннен кейін деректердің тек 33-35 пайызы ғана сақталып қалады.


Егер алынған мәліметті әр 20 минутта өңдеп отырмасақ, бұл ақпараттар жадта сақталмай өшіп кетеді. Зерттеулер жадта ақпаратты жақсы сақтау үшін қайталап оқудан гөрі оны біреуге (немесе өзіңізге) баяндап берген тиімді екенін көрсеткен. Себебі сөйлеу кезінде ми ақпаратты басқа деректермен байланыстыруға тырысады. Бұл әдіс мидың мәліметті қабылдап қана қоймай, қайта өңдеуге септігін тигізеді.


Оқудың бірінші күнінің соңында оқыған ақпаратыңыздың маңызды тұстарын жазып алыңыз.


Сондай-ақ, түнде ұйықтамас бұрын жадта сақталуы керек ақпаратты қайталау пайдалы. Ми ұйқыға дейін алынған ақпаратты жақсы есте сақтайды.


Оқудың келесі күні

Мұны сериалдарда қолданылатын алгоритм көмегімен жасауға болады. Әдетте  сериалдың келесі бөлімі басталмай тұрып, алдыңғысындағы оқиғалар үзік-үзік көрсетіледі. Сол сияқты кітапты жалғастырып оқымас бұрын, алдыңғы оқығандарыңызды бір қайталап алған жөн.


Кітапты оқып болған соң

Алынған ақпаратты мүмкіндігінше тезірек тәжірибеде қолдануға кірісу керек. Оларды іс жүзінде қолдану керек болмай, бірақ оқығаныңызды есте сақтағыңыз келсе, жиі-жиі кітапты қайта парақтап тұрған тиімді.


Кітап – адамзаттың ең құнды ақыл қазынасы. Жақсы кітап – жан серігі. Үнемі оқуды тоқтатпау адамды үлкен әлемге жетелейді. Біз қаншалықты көп оқыған сайын соншалықты біле түсеміз. Оқу басқа, сіңіру басқа, әрине. Дегенмен, көп оқу дағдыға айналса, оқыған дүние сіңбеуі мүмкін емес. Мүмкін емес нәрсе жоқ. Жаныңызда немесе араласатын достарыңыздың ішінде кітапты серік еткен жандар болады. Соларға қарап кейде дерт жұқтырған адам ба деп қаласыз. Анығында, ол солай. 



"Кітап дертіне" шалдыққан адамның 12 белгісі бар.


1. Кітап сөресі үйінің әр бөлмесінде бар. Қай бөлмеге барсаңыз да алдыңыздан самсаған кітаптар шығады...


2. Қай дүкенге барса да кітап іздейді. Егер табылса, оқып тауысу үшін бірден бірнеше кітап сатып алады. 


3. Ешқашан кітаптан ақша аямайды. Қанша қымбат боп тұрса да, көз жұмып ала салады.


4. Егер іссапарға шықса өзімен бірге толтырып кітап алады. 


5. Тіпті кештерге барғанда да кітап апарады. 


6. Түскі үзіліс кезінде әріптестерімен бірге болуды емес, жалғыз қалып сорпа пен кофе арасында біраз оқуды жөн көреді. 


7. Соңғы айда көрген фильмдерінен гөрі оқыған кітаптары көп. 


8. Автобуста да құлаққап тағып алып ән тыңдамай, керісінше кітап оқиды. 


9. Шақырған жерлерге барудан бас тартады. Себебі, оқып біткен жоқ...


10. Өмірдегі адамдарға емес, кітаптағы кейіпкерлерге ғашық...


11. Кітап дүкенінде бірнеше сағаттап жүруге бар...


12. Кітаптың соңына жеткенше ұйқыны да, күлкіні де ұмытады...





7- 10 жас аралығындағы балаларға:

  1. Қазақ халық ертегілері сериясының кітаптары («Фолиант» баспасы);
     2.  1100 қызықты деректер сериясының кітаптары («Аруна» баспасы);
     3. Классикалық хикаяттар сериясының кітаптары («Фолиант» баспасы);
     4. Динозаврлар энциклопедиясы («Аруна» баспасы);
     5. Жануарлар туралы үлкен энциклопедия («Аруна» баспасы);
     6. Ерлік ертегілері («Аруна» баспасы);
     7. Менің ғажайып ертегім («АлСафи» баспасы).




















5-сынып оқушылары оқуға тиіс көркем әдебиеттердің тізімі:

  1. Мұқағали Мақатаев өлеңдері
  2. Сайын Мұратбеков  «Жусан иісі»
  3. Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
  4. Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»
  5. Қалмақан Әбдіқадыров «Тәтті қауын»
  6. Абай Құнанбаевтың қара сөздері
  7. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
  8. Марат Қабанбай «Сурет салғым келмейді»
  9. Тынымбай Нұрмағанбетов “Қауын иісі”
  10. Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
  11. Сұлтан Қалиев «Пілдің баласы»
  12. Қабдеш Жұмаділов «Сәйгүліктер»
  13. Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»
  14. С. Сарғасқаев  «Тәмпіш қара»
  15. Ғ. Мұсірепов  « Ана туралы новеллалары»
  16. Әлдихан Қалдыбаев ««Мен апамның баласымын»
  17. Сәбит Досанов ««Қыран мен жылан»
  18. Ысқақ Қалихан ««Қоңыр күз еді»
  19. Әкім Тарази  ««Ауыл шетіндегі үй»
  20. О.Бөкей «Бес тиын»
  21. З. Ақышева «Жаяу Мұса»
  22. Д. Бабатйұлы  «Жақсы мен жаман туралы»
  23. Қабдеш Жұмаділов  « Сәйгүліктер»
  24. Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»
  25. Бердібек Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат»










6-сынып оқушылары оқуға тиіс көркем әдебиеттердің тізімі:

1.Абай. Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері

2.Лев Толстой. «Соғыс пен бейбітшілік»

  1. Әл Фараби. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»
  2.  Сұлтанмахмұт Торайғыров. Таңдамалы шығармалары
  3.  Оралхан Бөкеев. «Атау кере»
  4. Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»
  5. Ілияс Жансүгіров. «Құлагер»
  6.  Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»
  7.  Мағжан Жұмабаев. Таңдамалы шығармалары. 
  8. Жамбыл Жабаев. Өлеңдері мен дастандары
  9. Міржақып Дулатов. «Оян, қазақ!»
  10. Махамбет Өтемісұлы. Таңдамалы шығармалары
  11. Бейімбет Майлин. «Шұғаның белгісі»
  12. Эрнест Хемингуэй. «Шал мен теңіз»
  13.  Сәбит Мұқанов. «Мөлдір махаббат» 
  14.  Қасым Аманжолов. Таңдамалы шығармалары
  15. Мұхтар Мағауин. «Аласапыран»
  16. Фариза Оңғарсынова. Таңдамалы шығармалары
  17. Теодор Драйзер. «Америкалық трагедия»
  18.  Жұбан Молдағалиев. «Жүректегі жазулар»
  19.  Зейнолла Қабдолов. «Менің Әуезовім»
  20. Дулат Исабеков. «Тіршілік»
  21.  Джек Лондон. «Қасқыр»
  22. Антон Чехов. Әңгімелері.

25.  Саттар Ерубаев. «Менің құрдастарым»
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
7-сынып оқушылары оқуға тиіс көркем әдебиеттердің тізімі:


1.Қабдеш Жұмаділов   «Сәйгүліктер»

2.Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»

3.Сапарғали Бегалин « Бала Шоқан»

4.Әбіш Кекілбаев «Шыңырау»

5. Ғабит Мүсірепов «Ана туралы новеллалар»

6. Абай Құнанбаев «Қарасөздері»

7. Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала»

8.Сәбит Досанов «Қыран мен жылан»

9.Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

10.Ысқақ Қалихан «Қоңыр күз еді»

11.М.Әуезов «Қорғансыздың күні»

12.Сансызбай Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

13.Мұхтар Әуезов «Көксерек»

14.Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала»

15.Әлдихан Қалдыбаев «Мен апамның баласымын»

16.Сәбит Досанов «Қыран мен жылан»

17.Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

18.Сайын Мұратбеков «Жабайы алма»

19.Ысқақ Қалихан «Қоңыр күз еді»

20.Әкім Тарази «Ауыл шетіндегі үй»

21.Сәбит Мұқанов «Ботагөз»

22.Дулат Бабатайұлы «Жақсы мен жаман» туралы

23. Мұқағали Мақатаев өлеңдері

24. Шыңғыс Айтматов «Найман ана»

25. Шыңғыс Айтматов «Ақ кеме»











9-сынып оқушылары оқуға тиіс көркем әдебиеттердің тізімі:

1. Абай. Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері
 2. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»
 3. Ахмет Байтұрсынұлы. Өлеңдері мен шығармалары

4.Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»

5. Қабдеш Жұмаділов. «Тағдыр»
 
6. М.Мақатаев поэмалары

7. Ф.Оңғарсынова өлеңдері

8. М.Әуезов «Қилы заман»

9. М.Әуезов трагедиялары

10. О.Бөкей «Бәрі де майдан»

11. А.Елгезек «Болмаған балалық шақ»

12.Ж.Жабаев дастандары

13. М.Шаханов шығармалары

14. М.Өтемісұлы жырлары

15. Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»

16. М.Жұмабаев поэмалары

17.С.Жүнісов «Ақан сері»

18. С.Ерубаев «Менің құрдастарым»

19. Жыраулар поэзиясы 

20. Ш.Құдайбердіұлы поэмалары

21. Шал ақын

22. С. Мұқанов «Аққан жұлдыз»

23. І.Есенберлин «Көшпенділер»

24. Ш.Айтматов «Қош бол Гүлсары»

25. Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»









8-сынып оқушылары оқуға тиіс көркем әдебиеттердің тізімі:

1. Абай. Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері
 2. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»
 3. Ахмет Байтұрсынұлы. Өлеңдері мен шығармалары

4. Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік»
 5. Қорқыт ата. «Қорқыттың нақыл сөздері»

6. Қожа Ахмет Йассауи. Диуани хикмет
 7. Бұқар жырау. Таңдамалы толғаулары

8. Әл Фараби. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»

9. О.Бөкей «Апамның астауы»

10. О.Бөкей «Күлпаштың ұршығы»

11. М.Мақатев поэмалары

12. Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»

13. Т.Әлімқұлов «Қарой»

14. Дүкенбай Досжанов. «100 әңгіме»

15. Ш.Құдайбердіұлы өлеңдері

16. М.Ж.Көпеев шығармалары

17. С.Шаймерденов «Инеш»

18. Д.Кехо «Түйсігіңмен ойлай біл»

19. қазақтың салт-дәстүрлері

20. Т.Әбдіков «Қонақтар»

21. Қ.Қазиев «Менің шешем»

22. М.Шаханов шығармалары

23. Рудаки, О.Хаям шығармалары

24. .Бұқарбай «Күміс кітап»

25.А.Елгезек «Болмаған балалық шақ»№













10-сынып оқушылары оқуға тиіс көркем әдебиеттердің тізімі:

1. Абай. Қара сөздері 
 2. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»
 3. Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер»
 4. Сәкен Жүнісов. «Аманай мен Заманай»
 5. Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»
 6. Шекспир. «Ромео мен Джульетта»
 7. Шыңғыс Айтматов. «Ақ кеме»
 8. Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Қан мен тер»
 9. Федор Достоевский. «Қылмыс пен жаза»
 10. Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»
 11. Міржақып Дулатұлы. «Бақытсыз Жамал
 12. Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек»
 13. Міржақып Дулатов. «Оян, қазақ!»
 14. Бейімбет Майлин. «Шұғаның белгісі»
 15. Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз»
 16. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»
 17. Мұхтар Мағауин. «Аласапыран»
 18. Дулат Бабатайұлы. «Өсиетнама» жинағы
 19. Қабдеш Жұмаділов. «Тағдыр»
 20. Зейнолла Қабдолов. «Менің Әуезовім»
 21. Әзілхан Нұршайықов. «Махаббат қызық – мол жылдар»
 22. Тахауи Ахтанов. «Шырағың сөнбесін»
 23. Оралхан Бөкеев. «Атау кере»
 24. Бексұлтан Нұржекеев. «Бір өкініш, бір үміт»

25. Тахауи Ахтанов. «Шырағың сөнбесін»













11-сынып оқушылары оқуға тиіс көркем әдебиеттердің тізімі:


1.Абайдың қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері

2.Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы

3.Ілияс Есенберлин «Көшпенділер»

4.Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер»

5.Мұқағали  Мақатаев таңдамалы шығармалары

6.Михаил Шолохов «Тынық Дон»

7.Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы

8.Міржақып Дулатов «Оян, қазақ!»

9.Шерхан Мұртаза «Қызыл Жебе»романы

10.Әнуар Әлімжанов «Махамбеттің жебесі» романы

11.Әбіш Кекілбаев «Үркер» романы

12.Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романы

13.Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романы

14.Софы Сматаев «Елім-ай» трилогиясы

15.Хамит Ерғалиев «Құрманғазы»

16.Иван Гончеров «Обломов»

17.Оралхан Бөкеев «Атау кере» романы

18.Артур Шопенгауэр «Әлем дегеніміз- ерік пен ұғым»

19.Бексұлтан Нұржекеев «Бір өкініш, бір үміт»

20.Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»

21.Баққожа Мұқай «Өмірзая» романы

22.Смағұл Елубай «Ақ боз үй» трилогиясы

23.Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы

24.Ақселеу Сейдімбеков «Аққыз» повесі

25.Шыңғыс Айтыматов «Боранды бекет» романы













" Әр қазақ оқуы тиіс 100 кітап"

Қазақ әдебиетінің классикасы мен шетел әдебиетінен


Әрбір қазақ оқуы тиіс туындылар тізімі
 1. Абай. Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері
 2. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»
 3. Ахмет Байтұрсынұлы. Өлеңдері мен шығармалары
 4. Лев Толстой. «Соғыс пен бейбітшілік»
 5. Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақстандық жол»
 6. Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Үш анық»
 7. Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер»
 8. Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік»
 9. Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»
 10. Ілияс Жансүгіров. «Құлагер»
 11. Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»
 12. Мағжан Жұмабаев. Таңдамалы шығармалары
 13. Шекспир. «Ромео мен Джульетта»
 14. Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау»
 15. Шыңғыс Айтматов. «Ақ кеме»
 16. Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Қан мен тер»
 17. Қорқыт ата. «Қорқыттың нақыл сөздері»
 18. Иван Тургенев. «Әкелер мен балалар»
 19. Федор Достоевский. «Қылмыс пен жаза»
 20. Михаил Булгаков. «Мастер мен Маргарита»
 21. Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»
 22. Сәбит Мұқанов. «Өмір мектебі»
 23. Міржақып Дулатұлы. «Бақытсыз Жамал»
 24. Николай Гоголь. «Ревизор»
 25. Мұқағали Мақатаев. Таңдамалы шығармалары
 26. Қожа Ахмет Йассауи. Диуани хикмет
 27. Бұқар жырау. Таңдамалы толғаулары
 28. Жамбыл Жабаев. Өлеңдері мен дастандары
 29. Михаил Шолохов. «Тынық Дон»
 30. Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек»
 31. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Таңдамалы шығармалары
 32. Мұхтар Шаханов. «Өркениеттің адасуы»
 33. Әл Фараби. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»
 34. Александр Грибоедов. «Ақылдың азабы»
 35. Міржақып Дулатов. «Оян, қазақ!»
 36. Махамбет Өтемісұлы. Таңдамалы шығармалары
 37. Бейімбет Майлин. «Шұғаның белгісі»
 38. Эрнест Хемингуэй. «Шал мен теңіз»
 39. Сәбит Мұқанов. «Мөлдір махаббат»
 40. Анна Ахматова. Таңдамалы шығармалары
 41. Сергей Есенин. Таңдамалы өлеңдері
 42. Асан қайғы шығармалары. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы
 43. Ғабиден Мұстафин. «Дауылдан кейін»
 44. Гете. «Фауст»
 45. Даниэль Дефо. «Робинзон Крузо»
 46. Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз»
 47. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»
 48. Гомер. «Одиссея», «Илиада»
 49. Борис Пастернак. «Доктор Живаго»
 50. Мұхтар Әуезов. Философия жайындағы мақалалары
 51. Сервантес. «Дон Кихот»
 52. Марина Цветаева. Таңдамалы өлеңдері
 53. Қасым Аманжолов. Таңдамалы шығармалары
 54. Мұхтар Мағауин. «Аласапыран»
 55. Фариза Оңғарсынова. Таңдамалы шығармалары
 56. Теодор Драйзер. «Америкалық трагедия»
 57. Тұманбай Молдағалиев. Таңдамалы шығармалары
 58. Конфуций. «Лунь Юй»
 59. Дулат Бабатайұлы. «Өсиетнама» жинағы
 60. Қабдеш Жұмаділов. «Тағдыр»
 61. Эрнест Хемингуэй. «Қош, бол майдан»
 62. Михаил Лермонтов. Таңдамалы өлеңдері
 63. Әнуар Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі»
 64. Александр Пушкин. «Борис Годунов»
 65. Василий Шукшин. «Қызыл бүрген»
 66. Ақтамберді. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы
 67. Антон Чехов. «Шағала»
 68. Александр Островский. «Жасауы жоқ қалыңдық»
 69. Сапарғали Бегалин. «Шоқан асулары»
 70. Иса Байзақов. «Құралай сұлу»
 71. Стендаль. «Қызыл мен қара»
 72. Белла Ахмадуллина. Таңдамалы шығармалары
 73. Әбіш Кекілбаев. «Үркер»
 74. Жұбан Молдағалиев. «Жүректегі жазулар»
 75. Зейнолла Қабдолов. «Менің Әуезовім»
 76. Дулат Исабеков. «Тіршілік»
 77. Булат Окуджава. Таңдамалы шығармалары
 78. Әзілхан Нұршайықов. «Махаббат қызық – мол жылдар»
 79. Тахауи Ахтанов. «Шырағың сөнбесін»
 80. Сәкен Жүнісов. «Ақан сері»
 81. Бердібек Соқпақбаев. «Өлгендер қайтып келмейді»
 82. Антон Чехов. Әңгімелері.
 83. Софы Сматаев. «Елім-ай» трилогиясы
 84. Оскар Уайльд. «Дориан Грейдің бейнесі»
 85. Хамит Ерғалиев. «Құрманғазы»
 86. Федор Тютчев. «Сіз неге бүгін…»
 87. Евгений Евтушенко. Таңдамалы шығармалары
 88. Иван Гончаров. «Обломов»
 89. Аристотель. «Саясат»
 90. Оралхан Бөкеев. «Атау кере»
 91. Әбділдә Тәжібаев. «Монологтар»
 92. Саттар Ерубаев. «Менің құрдастарым»
 93. Зейтін Ақышев. «Жаяу Мұса»
 94. Томас Мор. «Утопия»
 95. Роберт Рождественский. Таңдамалы шығармалары
 96. Артур Шопенгауэр. «Әлем дегеніміз – ерік пен ұғым»
 97. Джек Лондон. «Қасқыр»
 98. Сәкен Жүнісов. «Аманай мен Заманай»
 99. Төлеген Айбергенов. Өлеңдер жинағы
 100. Бексұлтан Нұржекеев. «Бір өкініш, бір үміт»















Ата-аналарға оқуға арналған кітаптар


  1. Елжас Ертайұлы «Баланы жазасыз тәрбиеле»
  2.  Дана Орманбаева "Дана мен бала"
  3. «Тинейджерлерге арналған қаржы «балалар мен ата-аналарға арналған)
  4. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»
  5. Айгерім Тұрақұлова. «Балам жақсы болсын десеңіз»