Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018 » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018
28
август
2018

Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018

2018 жылғы 23 тамызда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында Алматы қаласының Республика сарайында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өткізілді.  

Тамыз кеңесіне Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрайымының орынбасары Г. Есімбаева, бірқатар Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймагамбетов, білім беру саласының еңбек ардагерлері, қаланың оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, арнайы шақырылған қонақтар және БАҚ өкілдері қатысты.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы Г. Ходжабергенова 2017-2018 оқу жылындағы негізгі нәтижелері мен алдағы оқу жылдағы міндеттер туралы мәлімдемемен тамыз кеңесін ашты.

Алматы қаласының әкімі Б.Байбек кеңес қатысушылардың алдында қалалық білім беру жүйесін дамытудың маңызды перспективалары, қаржыландыру жөнінде және қалалық білім беру сапасын одан әрі арттыру міндеттері туралы сөз сөйледі. Өз сөзінің соңында қала әкімі «Ең үздік жалпы орта білім беру ұйымдары» мен «Ең үздік педагогикалық ұжым» қалалық конкурстардың жеңімпаздарына естелік сертификаттар мен дипломдар табыстады. Байқаудың қорытындысы бойынша «Ең үздік педагогикалық ұжымдарды» анықтаған байқаудың қорытындысы бойынша 59 мектеп-гимназиясы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Алматы қаласының әкімі Б. Байбек білім беру саласындағы көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен білім беру ісінің ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғыс хат және қала әкімдігінен арнайы сыйлықтар тарту етті:

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А. Аймагамбетов 59 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Сраилова Лазат Асыровнаға «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгіні табыс етті. Тамыз кеңесінің сонында қатысушыларға қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен арнайы концерттық бағдарлама ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Бүркіт, Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Гүлнұр Оразымбетова, шоу-балет «Rise», және де «Голос. Дети» телевизиялық жобасының төртінші маусымының жеңімпазы Данелия Тулешова сахна төріне шықты.

 

Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018

 

Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018

 

Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018

 

Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018

 

Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018

 

Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018

 

Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018

 

Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018

 

 

Ең үздік педагогикалық ұжым - 2018

 



 

 

Похожие публикации:

14 декабрь 2017 Қалалық семинар
17 октябрь 2015 Мектеп тарихы