13
март
2025
Мамандық таңдау
13.03.2025 күні Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесе отырып, 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында “Мамандық таңдау” тақырыбында лекция оқылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру, олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес келетін кәсіби бағыттарды таңдауға көмектесу, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру.