2024-2025 оқу жылының 1-сыныбына қабылдау » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылының 1-сыныбына қабылдау
01
апрель
2024

2024-2025 оқу жылының 1-сыныбына қабылдау

2024-2025 оқу жылының 1-сыныбына қабылдау

Өтінімдер egov.kz порталы арқылы 1 сәуір - 31 тамыз аралығында қызмет көрсету аумағына (микроучасток) сәйкес қабылданады.


1-сыныпқа қабылдау бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Порталға:

1) Нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
 2) "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
 3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
 
 

Порталға қабылдау туралы оң шешім шыққаннан соң мектепке әкелетін құжаттар (қағаз түрінде):

1) Нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
 2) жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
 3) "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
 4) баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi.