ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.
28
март
2023

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.

     Бүгін онлайн форматта жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті. Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған жиналысқа мектебіміздің 1-11 сынып ата-аналары қатысып, «Бала қауіпсіздігі – біздің ортақ мүддеміз» деген тақырыбында әртүрлі сала мамандарының баяндамаларын тыңдады. Алғаш сөз алған Алматы қаласының ювеналды полиция бөлімінің басшысы Шонжанова Жанна Тұрсынханқызы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстардың азаймай тұрғандығын айтып, ата-аналарға бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөліп, ата-ана ретіндегі жауапкершілік мәселесін көтеру керектігін алға тартты. Өйткені 18 жасқа толғанша бала үшін ата-ана жауапты болады. Сондай-ақ оқушылар арасында мүліктік қылмыстың көбейіп жатқандығы, кәмелеттік жасқа толмаған қыздар арасында жүкті болып қалу мәселелері алаңдатып отырғандығын сөз етті.  Қазіргі уақытта күн жылынып, жастардың түнгі уақытқа дейін қыдырысы көбейетіндігі анық. Ал кешкі 22-00ден кейін балалардың үлкендерсіз көшеде қыдырып жүруіне тыйым салынады. Оған тіпті әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен бірге бала мектепте себепсіз 10 күн келмесе, онда есепке қойылады. Ал бұл өз кезегінде болашағына кері әсер етеді. Келесі спикер- Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі өкілі- Ажигулова Халида Қанатбекқызы сөйлеп, буллинг, кибербуллингке қатысты мәселелерді ортаға ортаға салды. Өйткені мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық, қысым жасау, бір-бірін кемсіту секілді дүниелер орын алып жатады. Міне, Халида Қанатбекқызы осы тақырыпқа байланысты баяндама жасап, ата-аналарға егер балалары осындай қысым көріп жататындай фактілерге кез болып жатса, арнайы сенім телефондарына хабарласу керектігін айтты. Сондай-ақ отбасындағы жанжалдар, ұрыс-керіс балаға теріс әсер етіп, психологиясын  бұзатындығын айтып кетті. Бұндай отбасынан шыққан бала өмірде көптеген қиындықтарға душар болып, тіпті суицидке баратын жағдайлар болып жатады. Сонымен бірге жиналыста бала тәрбиесіне байланысты психолог маман сөйлеп, ата-аналарға кеңестерін айтты. Алматы қаласының прокурорының көмекшісі де сөз алып, оқушылар арасында құқықбұзушылық туралы мәселелерді ортаға салды. 

Жалып бұл жиналысқа қаламыздың 8 ауданының мектептерінен ата-аналар қатысып, көптеген маңызды ақпараттарға қанық болды. «Бала тәрбиесі- бәрімізге ортақ міндет» деген тұжырымға келді.