Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ.
15
февраль
2023

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ.

      Осы аптада 59 мектеп-гимназияның мұғалімдері Түркі еліндегі зілзаладан зардап шеккендерге ұжым болып қайырымдылық жасады. Үнемі ізгі істерге ұйытқы болып жүретін мектеп мұғалімдері бұл жолы да бауырлас елдің басына түскен ауыртпалыққа бей-жай қарай алмай, қолдан келгенше көмек қолдарын созды. Сөйтіп аз уақыттың ішінде біршама қаржы жинап, арнайы шотқа аударды. Тіпті кейбір азаматтар біздің мұғалімдеріміздің жасап жатқан игі істеріне риза болып, "Біз де қайырымдылық істеріңізге үлесімізді қосайықшы" деп ниет танытып, ақшалай үлестерін қосты. Иә, қайырымдылық жасау біздің халқымыздың қанында бар қасиет. Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, қиын жағдайға тап болғандарға қол ұшын беру- ізгі қасиет, жақсылыққа бастайтын игі қадамдар. "Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің" деп дана аталарымыз айтпақшы, біздің халқымыз әр өңірден бауырлас елге жылу жинап, қайырымдылық іс-шараларын жасап жатқанда, біздің мұғалімдер де сырт қалмай, қолдан келгенше көмектерін берді. Өзге әріптестерге де игі іске қосылыңдар деп қайырымдылық шарасына шақырып, жақсылық жасауға үндеді.