БҮГІН ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БҮГІН ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ӨТТІ.
20
январь
2023

БҮГІН ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ӨТТІ.

      Бүгін мектебімізде Директор жанындағы №4 кеңес өтті. Кеңесте өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы тыңдалып, атқарылған жұмыстары талқыланды. Негізі күн тәртібінде 3 мәселе болды. Атап айтар болсақ, бірінші мәселе: 6 «А», «Б», 8 «Ә», «Б», 9 «В», 11 «Ә» сыныптарында ағылшын тілі сабақтарының оқытылу сапасын бақылау; (Баяндамашылар: ДБЖҒІЖО Торғанбеков А.Е. Ә/б жетекшісі Лебекова Г.К. екінші мәселе: 5, 6-сынып оқушыларының математикаға арналған дәптерлерінің тексерілуін бақылау; (Баяндамашылар: ДОІЖО Егеубаева К.У. Ә/б жетекшісі Айбасова Г. үшінші мәселе: Тәлімгер мен тәлім алушылардың (жас мамандар) өзара сабаққа қатысу дәптерлерінің жүргізілуін бақылау; (Баяндамашылар: ДБЖҒІЖО Торғанбеков А.Е. тәлімгерлер. Баяндамашылар атқарылған жұмыстар туралы жан-жақты баяндап, негізгі мәселелерді ортаға салды. Мектеп директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы өз кезегінде бақылау жұмыстарын жалғастыра берудің және білім беру сапасын арттыруға күш салудың маңыздылығына тоқталып өтті.