Көрісу күні
14 наурызда еліміздің батыс өңірлері Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді."Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен